Мақсатым-білім шыңына жеткізеді (байқау)

  Өткен аптада сіздерді өзімнің мақсаттарыммен таныстарған болатынмын. Естеріңізде болса бірінші мақсатым-Қазақстан тарихын толығымен жатқа білу болатын. Мен ең алдымен өзімнің қазақстан тарихы бойынша дәрежемді тексергенім дұрыс деп шештім де, тесттермен айналысқанды жөн көрдім. Арасында ғаламтор арқылы онлайн тесттермен де шұғылдандым. Сонымен қатар, бұрыннан білетін ақпараттарымды еске түсіру үшін шың кітапты да бірнеше рет қайталап шықтым.

    Онлайн тесттер арқылы өзімнің дәрежемнің аса жоғары емес екенін байқадым. 

    Менің екінші мақсатым-кітап оқу болатын. Солардың арасында Төлен Әбдіковтың "Қонақтар", "Оң қол" және "Бассүйек" әңгімелерін оқу болатын. Мен өткен аптада "Қонақтар" әңгімесін оқыдым. Бұл әңгімеден менде бір ерекше сезім пайда болды. Мазмұнын қысқаша айтып өтер болсам, ұлдарын қалаға жіберіп өздері ауылда қалған кемпір-шал туралы. Ұлдары Сапабек қалада орыс ұлтының қызы Томаға үйленеді әрі олардың Жеңіс атты ұлдары бар. Автор бұл әңгімесінде әже мен атаның немересіне деген ыстық махаббатын керемет суреттеген. Мені ең толғандырғаны-Жеңістің қазақша білмеуі. Иә, қазіргі уақытта елімізде өз тілін жетік білмейтін қаншама жеткіншектер өсіп келе жатыр.

   Ұлдарының "ауылға келе жатырмыз" деген хатын алған соң Сапабектің ата-анасы Жеңісті көріп мауқымызды басатын болдық деп жүректері жарылардай қуанады әрі оны өздерінің қолында алып қалғысы келеді. Алайда, Сапабек келген соң ауылда орыс мектептің жоғын айтып баланы өзімен алып кетеді. Ұлы мен келінін шығарып салған соң анасының қимастықмпен көзіне жас алуы менің де көңілімді босатып жіберді. 

   Міне, менің осы аптадағы нәтижелерім осындай. "Томирис" Алға!



Бөлісу: