Мақсатым айқын

Мақсатым айқын
жеке
блог

Сәлем, массагет сайтының тұрақты оқырмандары! Менде осы сайысқа «Томирис» тобымен қатысып отырмын. Барлық қатысушы топтарға шын жүректен сәттілік тілегім келеді!

Мен Сыр елінің, ТҰРМАҒАНБЕТ атты жүз шайыр шыққан ауылының тұрғынымын. Есімім Маратова Гүлнұр Маратқызы.

  

Өзім бір орында тұра беруді ұнатпайтын жандардың бірімін. Еңбексүйгішпін десем де болады. Әрдайым қозғалыста болғанды қалаймын. Себебі қазіргі қоғам бір орында қалуды көздемейді.

 

«Заманына қарай адамы» демекші, қазіргі адамдар да заман ағымына еріп, алға жылжуды үйренуде.

Әр істі бастамас бұрын, ұзақ ойланамын. Халықтың «7 рет өлшеп, 1 рет кес» дейтін мақалы менімен үндесетіндей сезіледі. Ұзақ ойланғаннан кейін ғана барып, мақсатымды айқындап, алдыма жоспар қоямын.  Мақсаты бар адам ғана өзін биіктен көре алады.

Жарайды, енді байқау шартына сәйкес алдыма қойған өз мақсатыммен бөлісейін.

Бірінші мақсатым:  9 – сыныпты аман – есен бітіріп, «ҮЗДІК КУӘЛІКке» қол жеткізу.

 

Екінші мақсатым:  Дәмді торт пісіруді үйрену.

Үшінші мақсатым: Ғаламтор арқылы ағылшын тілін үйренуге арналған сайттардың бірінен ағылшын тілін меңгеру. 

Төртінші мақсатым: ҰБТ – дан  жоғары балл жинап, мектебімнің, ата – анамның абыройын тағы бір мәрте көтеру.

Бесінші мақсатым:  Журналист болу. Өзім атақты журналисттерден Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ, Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫ және Бекболат ТІЛЕУХАНҰЛЫН үлгі тұтамын. Ол кісілердің сөз саптауы, сөздік қоры мол, үлгі аларлықтай және үлгі тұтарлықтай жандар деп білемін. 

Өз мақсатымды орындау үшін:

 

1)  Анда – санда болсын, кітап беттерін парақтап, осы күнге дейін оқыған білімімді қайталап жүремін.

2)  Қолым қалт етсе, компьютер арқылы, ағылшын тілін үйренуге арналған сайтқа кіріп, 1 сағаттай грамматикалық жаттығулар орындап, тілімді жаттықтырамын.

3)  Ғаламтордан журналистика саласы жайлы аз – маз мәлімет жинақтаймын.

 Өз мақсатыма жету үшін мен ешқашан ештеңеден тайынбаймын! Өйткені мен мақсатымды айқындап алдым. Алла қаласа биік шыңдарды бағындырамын деген үміттемін. Әуелі Алла қолдасын!Сайыс маған ұнап отыр. Барлығыңызға тағы да сәттілік тілеймін!

«Томирис» тобы алға!