Мақсаты айқын жанның болашағы жарқын болмақ!

Мақсаты айқын жанның болашағы жарқын болмақ!
жеке
блог

Қайырлы күн Массагеттіктер! Рамазан айы ұстаған ораза мен тілеген тілек қабыл болсын!

Әр адам жеке тұлға болған соң оны адамдық өмірге әкелетін, өмірге деген құлшынысын оятатын арман - мақсаттары болу керек. Қазіргі қоғамда алдында нақты мақсаты бар және соны орындай алатын ебі бар адам ғана өмірін қызықты барынша ғажап етіп өткізе алады. Ал қазіргі байқау бойынша біздің алдыға қойған мақсаттарымыз сол үлкен армандардың кішкене ғана баспалдақтары. Қазірден алдына мақсат қойып және жете білген адамға болашақта ештеңе де кедергі емес деп ойлаймын.

Мен бұл жолы алдыма кітап оқығанды мақсат еттім. Былтыр ҰБТ-ға дайындыққа кірісіп әдеби кітаптарды қолға алмағалы біраз болды. Осы орайлы сәтті падаланып қазақ әдебиетін және әлем әдебиетінен біраз кітаптарды шолып өткім келді. (Нақтырақ):

* Бауыржан Момышұлының "Ұшқан Ұя" кітабынан бастаймын. Бір аптада аяқтап келесі блогымды түсіндіру блогы етіп арнаймын.

* Кітапханашы мен құрбыларыммен кеңесе отырып әлем әдебиетінен бір кітап таңдап аламын. Және келесі блокты да түсіндіру блогы етіп арнаймын. 

Тек мұнымен шектелмей уақытым қалып жатса басқа да кітаптарды оқып сіздермен де бөлісе отырамын.

(уақытымның тығыздығына байланысты және биыл қалаларға барып оқуға тасырамын соған байланысты алдыма көп мақсаттар қоя алмадым. ол үшін сайт әкімшілігінен топ мүшелерінен кешірім сұраймын.)