Сәлеметсіздер ме Байқау ұйымдастырушылары, жетекшілер, МАССАГЕТтік оқырмандар? Байқау бойынша әрбір қатысушы алдына нақты, маңызы бар мақсат қойып, әр аптада мақстанының орындалғанын дәлелдеуі тиіс. Сол секілді мен де өз алдыма менімше маңызы бар үш мақсат қойдым:
1. Шаш үлгілері. Яғни мен апта аралығында өзіме шамалы қиын түсетін шаш үлгісін үйренемін.
2. Тырнақ үлгісі. Бұл да сол секілді апта аралығында 10 тырнақ үлгісін үйренуді өзіме міндеттедім.
3. Өзге ұлт Яғни бір күнде бір ұлттың тағамын әзірлеймін
1 Мен осы мақсаттарды қойған себебім жаз айларында өзімді басқа қырларымнан көрсеткім келді. Соның ішінде шаш үлгісін, тырнақ үлгісін және өзге ұлт тағамдары қызықтырды мені. Өзіме бір ай уақыт демалыс жарияладым. Осы уақыт ішінде жаңа нәрселер үйренгім келді. Ал қалған уақыттарымда келесі жылғы сынаққа дайындалуды бастаймын.
Шаш үлгісін тандаған себебім. Мен шашты жоғары деңгейде өре алмаймын, бірақ қолынан келетін қыздарға өте қатты қызығатынмын. Осы сәтті пайдаланып шаш өруді қолға алғым келді.
Тырнақ үлгісінде де солай. Мен мүлдем тырнақ өңдеп көрмегенмін. Тек барынша әдемі жасалған тырақтарды көретінмін. Тағы да осы сәтті пайдаланып ол істі де қолға алғым келді.
Өзге ұлт тағамдары. Мен асханаға көп жоламаймын. Салат жасап жемістерді сәндегенім болмаса. Осы жолы күнделікті қуырылған картоп немесе сорпадан бөлек өзге ұлттың тағамдарына аңсарым ауды. Бұл өзбек халқының күріші, орыс елінің борыщынан бөлек болады деп ұйғардым.
1. Мақсатыма жету үшін ізденемін.
2. Ғаламтор желісінен үйренемін.
3. Біледі деген адамдардан кеңес аламын.
4. Керекті құралдарымды түгендеймін.
Жекелей немесе топтық жеңістің маңызы?
Мен үшін екеуінің де маңызы зор. Топ болған соң ұйымшылдық, бір – біріне деген сенімділік, қолдау керек деп ойлаймын. Және біздің «Томирис» тобында осы қасиеттер бар деп есептеймін. Сол үшін алдағы уақытта жеңіске жететіндігімізге сенемін.
Менің байқауға қатысудағы мақсатым:
1. Бақ сынау.
2. Берілген істі уақытылы жасап үйрену.
3. Өзімді қызықтыратын істермен танысу
4. Демалысымды барынша қызықты өткізу.
Байқаудан жоғары деңгейдегі нәтиже күтемін. Себебі жетекшілер де қатысушыларда осал жандар емес деп ойлаймын. Білікті бес жетекшіден нұсқау алған қатысушылардың мақсаты айқын болып, нәтижелі іс шығады деп сенемін. Әрдайым алдына айқын мақсат қойып соған жете білген адамның болашағы жарқын болмақ.
т