Жаз мезгілі де көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Бәріміз мақсаттарымызды жету үшін қанша еңбек еттік. Енді бір-біріміздің жетістіктерімізді саралайтын уақытта келіп жетті. Менің мақсаттарым кітап оқу мен қазақстан тарихын жаттау болатын. Кітаптардың барлығын оқып шықтым ,ал ,қазақстан тарихын толығымен жаттамасам да біршамасын жаттап алдым. Көбінесе сіздер мен толығымен бөлісе алмадым. Алайда,дәл қазір есеп беріп өтер болсам: Төлен Әбдіковтың "Қонақтар", "Оң қол" және "Бассүйек" әңгімелерін оқып шықтым және Артур Конан Дойлдың "Шерлок Холмстың басынан кешкендері" және менің сүйікті жазушым Агата Кристидің "Он қарадомалақ" романын оқып шықтым. Қазақстан тарихының тәуелсміздік алғанға дейігі тарихымен толық танысып шықтым дей аламын.
"Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда" демекші бәріміз мақсаттарымызға жеттік деген ойдамын.
P.S. бұл байқауды ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда біз өзіміздің мақсаттарымызға оңай жеттік және керемет достар таптық.
Ал сіз мақсаттарыңызға толық жеттіңіз бе?