Мақсатсыз адам қанатсыз құспен тең(байқау)
блог
Менің аты-жөнім: Олжабек Жансая. ОҚО, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде ата-анамның тұңғыш перзенті болып, қызғалдақтар гүлдеп, табиғаттың әсемдікке бөленген шағында дүние есігін ашыппын. Өмірлік ұстанымым:Сен де бір кірпіш дүниеге. Кетігін тап та, бар қалан ! Бұл әлемде әрбір адамның тұлға болып қалыптастырар өз орны бар.Егер, сол орнын дұрыс таба білсе мақсаттарына да бір қадам жақындады деп есептеуге болады.
Менің еліктейтін тұлғаларым өте көп. Солардың ішіндегі ең көңіліме жақын санайтындарым: « Microsoft» жаңалығын ашқан Билл Гейтс пен белгілі тележүргізуші Әсел Акбар. Билл Гейтс маған еңбекқорлығының арқасында тапқан табысының 38%-ын жетім-жесірлермен бөлісіп, талай жандарға қол ұшын созған әлемдегі «ең қайырымды ағай» ретінде өзіме пір тұтамын. Ал , Әсел әпкеме келер болсам, өзім болашақта сол Әсел әпкеге ұқсағым келеді.
Хоббиім: әдеби шығармаларды оқу және шығармалар жазу.
Бос уақытымда айналысатын ісім: әлеуметтік желілерде өзіме жаңа достар тауып, әлем жаңалықтарымен бөлісемін әрі өзіме керекті мағлұматтар жинаймын.
Байқауға қатысуға ниет білдірген себебім: өзіме жаңа достар тауып,өз ойымды ортаға салып және өзгелердің не ойлайтынын білгім келеді.
Алдағы уақытта Массагет порталы оқушыларға арналған эссе жазу және өлең шығару секілді байқаулар ұйымдастырғанын қалар едім.
Байқауға байланысты ең бірінші жетекшіміз Қарлыға әпкеге және басқа да ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Осы байқаудың арқасында оқушылар көптеген жетістіктерге жетеді деп ойлаймын. «Томирис» тобы алға!