Шаршап отырмын... Ұйықтамап едім. Алдыңғы күні бір кісі 6000 теңге беремін деген еді қарызға. Бүгін беремін деген, яғни. Менің де жоспарымда бүгін ақша болса, әкемтеатрға барып бірден 10 пьесаға билет алсам деген нәрсе бар. Бірақ ол кісі хабарын бермегендіктен... сонда да үмітімді үзбей отырмын. Осындай қиналған кезіңде саны көп таныстарыңның жабылып кеп көмек бере алмайтыны өкінішті. Сірә, көбісінде ақша жоқ. Менде де... Егер бүгін бермесе, ұстазымнан сұрайтын шығармын. Оған да 6000 теңге қарыз едім. Бір жағынан, ұялып та отырмын. Амал жоқ, театрға бару үшін ұятымды ұрғылауым керек. Мақсатым - 10 пьесаға партерден (1-қатарынан) билет алу. Менің әдеттегі орным - сол бірінші қатар. Пьесалардың да тізімін қағазға жазып қойдым, үлкен әріптермен. Мәселен, "Апалы-сіңлілі үшеу", "Ымырттағы махаббат", "Бес бойдаққа бір той", "Ұлы мен ұры", "Көктөбедегі кездесу", "Сыған серенадасы", "Тендерге түскен келіншек", "Мәңгілік бала бейне", "Үміт үзгім келмейді", "Отыз ұлың болғанша...", "Бейбарыс сұлтан" қойылымдары. Білемін, бұл пьесаларға бардыңыздар. Мен көрермен ретінде емес, жас драматург ретінде барып көремін. Болашақ нанымды осы драматургия саласында жегім келеді. Сіздер де мақсат қойсаңыздар, жетіңіздер...