Бірсыпыра замандастарымыздың ауызекі сөйлеу тілінде қазір "Мен Байзақовада тұрамын", "Мақатаевадан трамвайға мінемін" деген қазақша-орысша араластырған қойыртпақ тіркестер пайда болды. Мұның қалай?- десең, "әдет қой" дейді. Әй, қандастар! Неге ойланып сөйлемейміз? Біз білетін Мұқағали, Иса әйел болғаны ма?! Таңертеңнен кешке дейінгі еститініміз осы сасық сөздер. Кондукторларды сасық сөздің чемпионы десек артық болмас-ау! Жұрт санасын улап бітті. Ех...