Мақала

Мақала
жеке
блог

Ағылшын тілінің ерекшелігі

Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады.Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20-ғ-дың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атынд. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. А.т-нің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. А.т-нің даму тарихы ежелгі ағылшындық жетінші он бірінші орта он екінші және  он төртінші ,жаңа  дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер сегізінші  ғасырдан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. Жетінші  ғасырда ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды.

                                                 Досжан Нұрболат

ҚазҰУ-дың, 2-курс студенті.