Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков Оңтүстік Қазақстан облысының жастарымен кездесті

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков Оңтүстік Қазақстан облысының жастарымен кездесті
жеке
блог

         2014 жылғы 14 ақпан күні «Нұр Отан» Партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау мақсатында «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелерімен, жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларымен, жоғарғы оқу орындарының және колледж студенттерімен кездесті.

    Еркін форматта өткен кездесу барысында жастар — Жолдауда айтылған шағын және орта бизнесті дамыту, жастарды кәсіпкерлікті тарту,  мүмкіндігі шектеулу жастарды жұмыспен қамту, мұғалімдердің статусын көтеру, ғылымды қажет ететін экономиканы құру арқылы отандық ғылым әлеуетін көтеру, сияқты негізгі идеяларды талқылады.

       Кездесу қатысушылары депутаттарға бүгінгі жастар қоғамындағы жұмысқа орналасу, мемлекеттік білім беру жүйесі, жас бизнесмендердің кәсіпкерлікпен айналысуы сияқты өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жауап алды.