Махаббатым мәңгілік көлемді өлең...

Парасатты бойыма дарытатын,

Ойландырып,асыл сөзді қарытатын,

Электрдей ток болып,бойға сіңіп

Зиялыға қаламын алдыртатын,

Имандыны үйреткен, астар сөзбен,

Я,Аллам, поэзияның жаны көркем!

Сиясы сыйлы ақын егізі сен,

Елесі арманымның,көрем көзбен.

Назымды айтам,мұңданам поэзиямен,

Мейірленер күнім әркез поэзиямен.

Еске алады өткенді, болашақты,

Нұрына малындырар адамзатты,

Ілімім байланысты өлеңменен,

Махаббатым мәңгілік көлемді өлең,

Егіз бе едің, сен маған қасиетім?!

Нұрыңа мен әрқашан бас иемін!

Есілдің толқынындай тулап тұрар,

Гүлдердің жұпарындй ән сап тұрар,

Інжудің маржанындай  тіл көмейі,

Зердеме шуақ сеуіп, қанар құмар.

Бас қойсам поэзияға бұл өмірде

Естен шықпас поэзия әр көңілден,

Егізім де, дертім де, емі де – сен!

Дараланған әдебиеттің маңына,

Іліктірер жай адамды жанына,

Нұрына шомылдырған,о,поэзия,

Шабыт келсе жеткізбес ол шаңына.

Егізімсің поэзия, білемісің?

Егіз болып мәңгілік жүремісің,

Шырқайтын Мұқағали өлеңдерін,

Сен маған сондай дарын беремісің?

Жүрегімді тулатып әрбір сөзің,

Поэзия-егізімсің жалғыз өзің,

Сен менің сеземісің мұң жарамды

Сенімен атар  таңым,батар күнім!



Бөлісу: