Махаббаттың құдіреті...

Махаббаттың күші – сана сезіміңді, жан дүниеңді билейді. Ғашықтықтық дертіне ұшыраған адам еріксіз неше түрлі қайшылықтарға ұрынады. Оған алынбайтын қамал жоқтай көрінеді. Сондықтан да ғой бет қаратпас дауылдарға жүрегі дауалап қарсы тұратыны. Мінез-құлықта өзгеріске ұшырайды. Бұның бәрі махаббаттың әлегі... 
Асық көңіл мен алапат сезім кернеген албырт жүрек алды-артына қаратпай алдыға ұмтылары белгілі. Саналы жанға қосағын іздеу, жанының жартысын табу – парыз. Парызды іс парықты болса қәні? Баз біреулеріміздің ыстық-суығымыз ысырап болып, өрекпіген көңіліміз басылған соң барып ойлана бастайтынымыз бар.Қандай нәрсенің болсын бағасын салыстыру, салғастыру арқылы айқындаймыз. Мысқа балаған нәрсенің алтын екендігін бақырға жолыққан сәтте ғана білесің. Асыл бағасын жоймайды, тек, қадірін ғана жоғалтады. ... Бірімізді бас айналдырардай бақытқа бөлеп, сезім шыңына көтерген, біріміздің шар басымызды шырғалаңға салып, сергелдеңге түсірген сезім махаббаттың соңғы нүктесін «үйлену» деп ұғынатынымз бар. Дегенмен, бас қосып, аяқ шырмалғаннан кейінгі жан бұлқыныстары мен алаң көңіл әлгі күрмеу нүктені көп нүктеге айналдыру мүмкін. Алайда, сол арадағы туындаған кез-келген мәселені сабырлықпен алып шығатын махаббат күші емсе пе?!



Бөлісу: