Қазақ Ұлттық университеті дуние жүзіндегі алдыңғы қатарлы 300 ЖОО-ның қатарына кіретіні көпшілікке аян. Университеттің дамуына әсер етуші факторлар өте көп, білім және ғылым, спорт, мәдениет және қоғамдық іс-шаралар. ҚазҰУ –да түрлі сала бойынша жұмыс істейтін, көптеген ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер бар. Олардың атқаратын жұмыстары әр алуан. Жалпы, ҚазҰУ жастары ең креативті ойлы, жаңа заманмен жарыса келе жатқан, бірақ өткенін ұмытпайтын, тәуелсіздік қадірін түсінетін - көшбасшылар.
ҚазҰУ «Студенттер Сенаты» 2000 жылы құрылған қоғамдық ұйым. 2009 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеуінен өткен. «Студенттер Сенатының» басты қызметі студенттердің бос уақытын тиімді өткізу. Оларды патриоттыққа тәрбиелеу, студенттік қоғамдық іс-шаралар, студенттік конференциялар, дөңгелек үстелдер, мәдени-сауықтыру іс-шаралар ұйымдастыру, өткізу. Елбасының өзі «болашақ жастардың қолында» деген болатын. Сол сөзді «Сенаторлар» қазірден бастап, жүзеге асырып келеді. «Студенттер Сенаты», ҚазҰУ-дың он үш факультетін маслихаттар арқылы біріктіреді. Маслихат төрағалары факультет ішіндегі белсенді студенттерден сайланалды. Әр жыл сайын үздік маслихат, үздік маслихат төрағасы анықталып тұрады. Мұнда жас ерекшелігі деген түсінік жоқ. Қолынан келсе бірінші курс студентіде көш бастай алады. «Студенттер Сенаты», ҚазҰУ шекарасынан шығып, қала деңгейіндегі іс-шараларға ат салысып жүр. Қазақстан Республикасының Конституция күні, «Тұңғыш елбасының құрметіне арналған бал кеші», «Мен жастарға сенемін» атты патриоттық-фестиваль және т.б. Осы іс-шаралардың барлығы Сенаторлардың қолынан келетіннің жартысы ғана. ҚазҰУ «Студенттер Сенатының» төлқұжатына айналған жоба ол - «Ана тілі – аруы және Жігіт Сұлтаны». Ұлттық болмысты, тарихты, мәдениетті жандандыратын бұл жобаны қала деңгейінде мойындаған. «Студенттер Сенатының» жасаған барлық іс-шараларының жоғары деңгейде өтуі - команданың махаббаттан құралуы. Ия, шынында «Сенат» тек ұйым емес, ол бір отбасы. Команда мүшелері бір-біріне аға-іні, әпке-қарындас болып кеткен.
ҚазҰУ Студенттер Сенатының төрағасы: Тлеуберген Нұрбол: Осындай команданың лидері болғаныма өте қуаныштымын. Өз басыммен мен жастардың әр түрлі ұйымдарын көрдім, тек қана Алматыда емес. Қазақстанның жастарын өте жақсы білемін, сондықтан толықтай сеніммен айтамын – «Сенаттың» қазіргі командасына жететін жастар жоқ!
ҚазҰУ Студенттер Сенаты төрағасының бірінші орынбасары, Тойлыбайева Аида: «Студенттер Сенаты» тек ҚазҰУ көлемінде ғана емес, аудан, қала, республикалық мәдени қоғамдық іс-шаралармен айналысатын ұйымдардың бірі болып есептеледі. Мен осындай ұйымда қызмет атқаратынымды мақтанышпен айтамын. «Студенттер Сенаты» мен үшін екінші отбасыма айналды. «Сенаторлардың» бағындырар асулары әлі де алдыда және осы азаматтар болашақта Қазақстанның тізгінін қолына ұстайтындарына кәміл сенемін!
ҚазҰУ Студенттер Сенаты төрағасының екінші орынбасары, Серікжанова Айгерім: Студент жастарды белсенді өмірге баулу, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат ретінде ала отырып бүгінгі таңда «Студенттер Сенаты» еліміздің болашақ элитасының негізін қалаушы жастарды тәрбиелеуде. Елбасы жалпы жастарға сенсе, мен белсенді жастар – «Студенттер Сенатына» сенемін. Еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда!
ҚазҰУ Студенттер Сенаты, Халықаралық қатынастар факультетінің маслихат төрайымы, Күнқазықызы Ақерке: Бірінші курс табалдырығын аттағаннан-ақ осы ұйымға муше болғанмын. Мұндағы ыстық ықылас, белсенділік пен құштарлық мені тек алға жетелей білді. «Сенат» – арман ұйым, мүмкіндіктер әлемі!
Журналистика факультетінің мәслихат төрағасы: Алмас МАРАТҰЛЫ