Иә, махаббат сөзіне сансыз анықтамалар айтып, түсіндірмелер берсе де аз болмайды. Себебі, ол- шетсіз, шексіз сезім. Қашан адамның жүрегінен махаббат сезімі ошсе, сол кезде қоғам кері кетіп, ізгіліктен жұрдай болады. Махаббат- өзіңді ғана емес, ең алдымен өзгені сүю, қарапайым тілмен айтсақ, жақсы көру, ұнату. Жаны ашу, мейірбандық, жақсылық істеу, қамқорлық көрсету осыдан шығады. Көкірегін махаббат жайлаған адам- қашанда қайырымдылықпен, әділдікпен, адалдықпен ауылдас отыруға тырысады. Ондай адамның кейде сырты байсал, суықтау көрінуі мүмкін, бірақ іші- нәзік, сезімтал, сергек келеді. Ойынан бұрын сезімі бас көтеретін де кездері бар. Алайда өз жаны, ішкі әлемі туралыадам өте жиі ұмытады. Өйткені егер онда тек қана бостық болса, адам өмірдің мәнін жоғалтады. Егер ағаш ішінде сасып кетсе, бос болса, онда оны жеңіл боран құлатады. Адам жанының бораны оның ішінде. Менің ойымша, тек махаббат ер мен әйел арасында болады деп санау дұрыс емес. Ана мен бала арасында, мүмкін, әлемде ең күшті сезім ол- махаббат. Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік,ынтызарлық, ғашықтық деген сөзердің баламасы ретінде айтыла береді.