Махаббатпен жаратқан адамзатты...

Мына оқиғаны ғаламтордан оқыған едім, үлкен әсер қалдырды. Сіздерге де ұнайды деген ойдамын.  Психологиялық тренингте әйелдерден «Күйеулеріңізді жақсы көресіздер ме?»,  деп сұрайды. Бәрі қолдарын көтереді. Келесі сұрақ: «Жарыңызға  соңғы рет қашан сүйемін деп айттыңыз? » болды.  Біреулер бүгін, біреулер кеше, кейбіреулерінің тіпті есінде жоқ болып шықты. Олардан «Қымбаттым, мен сені сүйемін!» деп күйеулеріне SMS  жолдауын сұрады.  Содан, әйелдер бір-бірімен телефондарын алмастырып, келген жауапты оқи бастады:

-      Бұл кім?

-      Ах, балаларымның анасы, ауырып қалған жоқсың ба?

-      Мен де сені сүйемін!!!

-      Не болды? Көлігіңді бұзып алдың ба?

-      Түсінсем бұйырмасын, менен не қалайсың?

-      Тағы не бүлдіріп қойдың? Енді сені кешірмеймін.

-      ?!?

-      Айналшықтап жүріп алмай, неше доллар керек, соны айт.

-      Түсім бе, өңім бе?

-      Егер дәл қазір мына хаттың кімге арналғанын айтпасаң, кісі өлімі орын алуы мүмкін...

-      Саған ішпе дедім ғой, бұлай жалғаса берсе, ара қатынасымыз үзіледі!

-      Не қалап отырғаныңды білмеймін, бәрібір «Жоқ!» деп жауап берем...

Ал сіз сүйемін деп, соңғы рет  қашан айттыңыз?

P.S: Адам өміріндегі осы бір керемет сезім жайлы айтуды ұмытпайықшы... 



Бөлісу: