Ізабелла
блог
Есіміңді айтқанда рас таң қалдым,
Көз алмаппын тым ұзақтау аңғардым.
- Жанарыңда жасырынған бір əлем...
Айып етпе. Мен бір сондай аңғалмын.
Жылулық бар, жаңа таныс болсақ та,
Үнсіздікте тұрғандаймыз сыр сақтап.
Біз биледік əлем қатар айналды,
Жапырақтар жыр оқыды сол шақта.
Түсініксіз. Таңдауда тек бар ұстам,
Кезіміз ед «сіз» деп сөйлер алыстан.
Ән шырқадық. Ал басқалар үн қатты:
- Мыналардың есі сірə ауысқан!
Қарт шаһар. Қойнауында ғасыр мұң,
Тұл бойына жия білген асыл мың.
Сен сұрадың, сүйесің бе?
Я тебе кохаю! - деп ашылдым.
Біз - мəңгілік! Таймас сертке бекіне,
Шалдыққан ек сағым сезім дертіне.
Үміт сыйлап табыстырды бірақ та,
Киев бізді ажыратты екіге.
Ұмтылдық. Бара алмадық əріге,
Бір болмасақ бұл жалғанның сəні не?
Уақыт өтер, естеліктер ескірмес,
Днепр өзен сыр шертеді əлі де.
Кездесу. Мені оятқан күздегі,
Махаббат бар! Сенім үміт үзбеді.
Естеліктің дәмі қалды таңдайда,
Өмір мынау оқиғалар тізбегі.
Алтыншаш ару,
Бал күндер өтті білемін.
Жанды жазар,
Қолтықтан демеп жыр емім.
- Шіркін-ай!-деймін..
Сенде де арман жоқ шығар?!
Қазақ ұлының жылыта алған жүрегін!