Үміт...

Үміт...
жеке
блог

   Түн. Көше. Ай. Барлығы есіме сені салады да тұрады. Жұлдыздары жарқырап корик беретин қара аспан да жымың қағады. Мен сол түні өмірімде алғашқы және соңғы рет сезім жетегіне еріп өзімді жоғалттым. Әрине , сен байқамадын бірақ ,сенің көздеріңнен жылулық іздеп, таба алмай тұрғаным тек түнге ғана аян. Жанарыма ып-ыстық жас толып кетті, жыламадым, іркіп қалдым. Менің соншама ынжықтығымнан да болар, көзіңе тура қарап сүйем деп айта алмадым. Айтсе де жүрегім айқай салып жатты...
    Менің басыма күніге мыңдаған ойлар кіріп-шығады. Бәрінің шырқау шегі бар. Ал, сен жайлы ойларым мүлде таусылған емес. Мен білетін математикадағы шексіздік ұғымы сендик ойдың олшеминдей сезилетин. Жалған сөйлеп жардан жығылғым да келмейді. Рас, жанды жулмалаган мазасыз ойдан арылу үшін, көңілді "көкек сезимге" бұрдым. Суймесем де жылы құшағын тосатын жан издедим. Адастым жаным...
      Сенің алдыңдағы қадірімді қалай жоғалтқаным есімде. Маған деген сезіміңнің суығанын, менен алыстап бара жатқаныңды білгенімде жүрегіме біреу шоқ темірді басып қалғандай болды. Ортегенген журекти өшіргім кеп арақтан достық издедим. Бирак жалын өршіді,ал мен күлге айналып бара жаттым. Сен осы бир мушкил тиршиликтен алыстагын келди, мен токтата алмадым...
Әттең, уақыт қайта айналып келер болса, бәрін де басқаша жасар едім...Елигимнен екинши рет кол узбеген болар ем... 
       Канша уақыт өтсе де жүрек сени издеп жур...Суретің отта жанып кеткенмен, жадымнан ошпеди...
Сен ушин анаңнан кейін аялап қарайтын адам болғым келді. Қайғыда да, қуанышта да пана табар корганын болгым келди. Мен сенімен бірге тоңып, бирге жылынғым келді...
     Менің бұл жазганым қате болар, бірақ кылдай үмітімді ешқашан үзгім келмейді. Кеудемдегі сол бир уыс шоқты алау қып жаққым келеді. Озинмен бір адамдай жарасып, жыракта журген жарты жандай табыскым келеді. Сен мен ушин кудиретти махаббат угымысын! Сол құдіретіңнің құлы болдым. Енді, сол құдірет шіркін сенің де маған деген сезіміңе азаттық берсе ғой. Өмір бойы алақанымда аялап өтер едім!

Астана. 
24.03.2015
03:07