Тechnodom-ның қыздары мәз

Осыдан тура 2 жыл бұрын, ой, жоқ 2 күн бұрын-ау деймін. Гүлім деген бойжеткенмен танысқан болатынмын. Сипаттап берейін бе? Жарайды ендеше, шынымен де маңызды емес! Бірақ сөзге жүйрік енді.Айтқандары жүрекке тиеді кәдімгідей)). Бір уақытта екеуімізге де ортақ таныс қыз жайлы әңгіме басталып кетпесі бар ма. Сұраймын, жауап береді. Тағы сұрадым, тағы айтты. Ал мінезі қалай деп едім, бірдене сезді ме, жоқ әлде өзінше болжағаны ма білмеймін енді: "Сен үйістіп аузынды ашып жүргенде, ол қызды сайрап жүрген басқа біреу алады да кетеді" деп айтып салды. 

- Рас-ей, бірақ мен ыңғайсызданамын. Ұяламын ғой...
- Ендеше жүр солай

Өштім де қалдым!

Кешқұрым шаруаларыммен "МART" сауда орталығына барып қайттым. Жұртқа көрінеді-ау деген орында жігіттер жиналып қалыпты. Біреуінін қолында роза гүлі (қыздар сендер армандайтын розалар бар ғой: үлкен, қызыл, әдемі. Міне сондай көөөөп гүл орап алған). Жанында саксофон ұстаған кісі. Әріректе қазақша киінген 4 бойжеткен билеп кетуге дайын тұр. 2-ші, 3-ші қабаттан үңіліп тұрғандардың бір қызық күтіп тұрғаны байқалады. Біз де солардың қатарын толықтырдық. Біраз уақыттан соң микрофон ұстаған кісі "Осы жерде Томирис есімді сұлу қыз болса ортаға шықсыншы, тосын сыйымыз бар" - деп жұрттың назарын аударды. Сәлден соң кесікін-келбеті келіскен қыз төмен түсті. Басында ол да таңырқап қалған еді, өзін ортаға алып билеп жүрген бишілерді көріп, бірдене түсінгендей болды. Бұл уақытта жасырынып тұрған жігіт ортаға шығып, алдымен гүлін ұсынып, кейін қызыл қораптан жүзігін шығарып "маған тұрмысқа шығасын ба?" дегендей ишарат білдірді. Өкінішке қарай сөзін естіген жоқпыз. Көп сөйлеп уақыт алған жоқ. Бір-ақ ауыз сөз айтса айтты, айтпаса оны да байқамадық. Қыздың шын сүйетіні дейін бе, әлде ол да осы сәтті қалап жүрді ме екен бірден келісе кетті, әйтеуір. "Міне жігіт" деп қол соқтық. technodom-да жұмыс істейтін қыздар "қалай күшті" деп көңілденіп сала берді)). 

Бір байқағаным жігіт батыл екен. Аспай-саспай жоспарын іске асырды. Жоғарыдағы Гүлімнің айтқанына келінкірейді бұл оқиға. Сөз ғана емес іс-әрекет те маңызды. Осындай жігіттер арамызда көп болғаны дұрыс. Әйтпесе қыздар "ыңжық жігіттер" көп демесіне кепілдік жоқ. "Ұсақталып барасыңдар" дегені тағы бар...

Мүмкін мұның бәрі, осылай етуге Томирис лайықты болған соң шығар. Ал басқа қыздар мұндайға лайық па, қалған ұлдар мына жігіттің ісін қайталай ала ма? Ол енді басқа әңгіме...



Бөлісу: