Сізді сағынып жүрмін

    Ол алысқа, Астанаға жол жүріп кетті. Күнде кездесіп үйреніп қалған бұл жүрек қалар шыдар екен еді?  Бірнеше күн өткен соң оның алыста екендігі жаныма қатты батты.  Сондықтан оған деген сезімімді көзіне қарап жеткізбесем де, хат арқылы бәлдіргім келді.

      Өмірдегі ерекше адамым, жаным, жағдайыңыз қалай? Елордамыз қатты аяз қысып тұр дейді,  қалың киініп жүрсіз бе? . Астанаға көктемнің кеш келетінін білуші едім, ауырып қалмаңызшы... мен сізді алаңдаймын. Орындай алмаған жұмыстарыңызды тездетіп бітіріп, аман-есен оралыңыз.

      Ал өзіме келер болсам, менде бәрі жақсы, шүкір. Тек сіздің  қасымда емес екендігіңіз ғана жаныма батады. Сізді сағынып жүрмін. Сізбен өткен күндер ғана дәл қазіргі азығым менің.

     Әлі есімде екеуіміз ең  алғаш билеген кез. Ұялып, әрең билеген едім... Қыз сезімі, әрине, қашанда құпия. Сіздің хабарласқаныңызды күткенмін. Бірақ, шыдамадым. «Әлеуметтік желіге»  ең алдымен сіз жазатын едіңіз, бірақ сол жолы шыдамай «қалайсыз?» деген едім. Сол сәттен бастап екеуіміз бастап екеуіміз ұялы байланыс арқылы жақындасып, сөйлесіп, ақыры кездескен едік қой. Содан сіз екеуіміздің ойымыз бір жерден шығып, жарасымды жұптар қатарына енген күн. Есіңізде ме, 8 қазан? Бұл күні сіздің ұсынысыңызды қабылдағанмын. Әрине, есіңізде болатыны сөзсіз. Себебі, сіздің жүзіңізден сол кезде маған деген тек шынайы сезімді көргенмін.

     Қала көшелерінен немесе оқу орнында қол ұстасұан ғашықтарды көремін. Сол кезде еріксіз ойыма сіз ораласыз... Көзіме, білесіз бе, жас келеді. Ол қуаныштың да, қайғының да жасы емес. Ол сізге деген сағынышымның жасы. Жабырқаған сәттерімде өзіңіздің: «Менің  жаным ақылды.  Бәрі жақсы болады. Тек сабағыңды жақсы оқы. Ештеңені уайымдама. Тек Алладан жақсылық тіле! Мен тек сенің жаныңдамын.  Мен сені сүйемін», -деп маңдайымнан сүйген сәтіңіз оралады. Ғашықтық сезім- пендеге тән қасиеттердің ұлысы. Мен сізге ғашықпын!  Оны ешкім де ешқашан өзгерте алмас, тек сізден басқа...

     Айтпақшы, анау жолы мен сізбен ұялы байланыс арқылы сөйлескенде дұрыс мән бермедім. Ішіңізден тынасыз, білем. Кешірім сұраймын. Енді бұл жолы сізге ғана мән беріп, сіздің сезіміңізді тыңдауға сөз беремін. Астанаға жол жүруіңізге мен себеп болғанмын. Сізді қинап жүргенімді ойласам, өзімді қоярға жер таппаймын.

    Алдымыздан қанша қиыншылық шықты, бірінен жеңілсек, бірінен жеңіп отырдық. Сол қиындықтарды адал сеніммен, пәк сезіммен жеңдік. Құшақтап бетіңізден сүйдім. Көз көріп, қол ұстасқанша сау болыңыз! 



Бөлісу: