Сіз теңізді сүйесіз бе?

Сіз теңізді сүйесіз бе?
жеке
блог

Теңіз мәңгіліктің, ұғып білмес шексіздіктің сиволы...Оның бауырында тұншығып қаншама ән жатыр. Тіпті, екпінмен келген толқынының өзі ән емес пе еді? Бүгін таңертең ұйқыдан тұрып кездейсоқ бір әнді құлағым шалды. Ол қандай ән?

Фадо "жалғыздық". Бұл фадо 1955 жылы Frederico de Brito мен Ferrer Trindade-нің әуеніне жазылған Амалии Родригестің (осы жанрдың атақты ханшайымы) әні. Негізінде фадо жанрындағы ән (лат. fatum - тағдыр) португалдықтардың халық әні. Оны дерт пен күйзелістің әні деп те атайды. Португалша saudade сөзін жалғыздық, ностальгия, мұң, махаббат күйзелісі деп аударуға болады. Осынау музыкалық стиль Португалияда 12 ғасырда қалыптаса бастады. Кейін өз бойына грек романсының иірімдерін, араб, роман, бразиль музыкасын сіңіріп, ақыр аяғы 19-ғасырда Лиссабонда қалыптасқан жанр Португалияда әлі күнге танымал. 

Мен теңізді көрмесем де, өзімді оның бір тамшысы сезінем. Ол – менің жаным. Бір көруге ынтықпын. Егер көретін мүмкіндік туса кірлеген бүкіл жан дүниемді шайып тазартатын секілді күй кешем.. Теңіз расымен де мәңгіліктің символы. Ол тыныштықты сүйеді. Мен оны сүйем!..



Песня моря 

Я одна у кромки волн, 
Машу тебе, танцую и зову тебя, а мне 
Океан ревет, что я 
Взяла его добычу. 

Он уже не сможет ничего, 
Я тебя спасла из рук его! 
И пришла 
В последний раз, 
Чтоб взять тебя и увести с собой 
В наш светлый дом 
В сад из роз, 
Где скоро ты 
Забудешь песню моря. 

Океан не сможет ничего: 
Я свой мир спасла из рук его! 
И пришла 
В последний раз, 
Чтоб взять тебя и увести с собой 
В наш светлый дом 
В сад из роз, где скоро ты 
Забудешь песню моря.