Сүйінші! "Отау" құрдым

Жаныма жалау боп, жақынындай жанына тартқан жандар үшін жақсы жаңалығым бар. Бүгін "отау" құрдым. Анамның қалауымен... Өзімнің де көптен күткен арман-тілегім еді. Ақыры орындалды. Үй ішім тегіс қуануда. Барлығы анамның көрші үйге барып "Астана" арнасындағы "Қыз ғұмыры" телесериалын көргенінен басталды. Сол сериалды ұнатып қалған екен. Үйге кеп көрейін десе үйдегі прәстой әнтенадан Астана арнасы көрсетпейді. Амал жоқ, мені дүкенге жұмсап "Отау тв" алдыртты. Содан үйге "отау" құрдық))



Бөлісу: