Сүймейтін сүйгеніме

Сүймейтін сүйгеніме
жеке
блог

Емханадамын соқтығып көлік,

Дәрігер жатыр дәрілер беріп.

Жазғанмен менің тәнімді олар

Емдерсің өзің жанымды келіп.

 

Сүйемін сені көзіме қара,

Тимейді жеңіл жабылған жала.

Кардиологтан болмайды көмек

Жүректің емі сыңары ғана.

 

Көрмеген көңіл өзгеге ауып,

Сезбеген едім келерін қауіп.

Сұлулығыңды-ай суықтығыңды

Көрсетпей тұрған көзімді жауып

 

Қырық күн өтті халімді біліп,

Келмедің неге? Тірі ғой үміт

Қырық біріне шыдамай бәлкім

Қайтесің кетсем өмірден жүріп.

Қырқыма дейін келер ме едің?

Жүректің мұзы көзіңнен еріп.