Сүйіктіңді еркелету !

Бізде көбіне «қыздар ғана құлақтарымен сүйеді» деген түсінік қалыптасып қалған. Бірақ, олай емес екенін өздеріңізде байқап жүрсіздер. Себебі, қазақта айтады «жылы сөйлесең жылан інінен шығады» деп.  Сондықтан да, өз жүректегі қайнап жатқан сезімдеріңізді сөзбен де жеткізе біліңіздер. Қазақтың небір әдемі сөздерімен сүйіктілеріңізді еркелетіңіздер. 

Қ- Қыз айтатын сөздер, Ж- Жігіт айтатын сөздер, ҚЖ- екеуіде айтатын сөздер деп бөліп қойдым.

Ж: Бал бағым
Ж: Аяулым
Ж: Ботақаным
Ж.Қ: Бақытым
Ж.Қ: Жаным
Қ.Ж: Жалғыз жарым

Қ.Ж: Жалғызым менің
Қ.Ж: Арманым
Ж: Балым
Қ: Қайраттым
Қ.Ж: Суйіктім

Қ.Ж: Сүйгенім
Ж: Еркем
Ж.Қ: Қымбаттым
Ж.Қ: Күнім
Қ: Батырым
Қ.Ж: Ғашығым
Ж: Нұрым
Ж: Сұлуым
Қ.Ж: Теңім
Қ: Асқарым
Қ: Арыстаным
Қ: Батылым
Қ: Ерім
Ж: Айым
Ж: Жұлдызым
Ж.Қ: Болашағым
Ж: Көгершінім
Ж: Жан жарым

Қ: Жұбайым
Ж.Қ: Үмітім
Ж: Сәулем
Ж.Қ: Бағым
Ж.Қ: Аппағым
Ж: Гүлім менің
Ж: Мамығым
Ж: Тәттім
Ж: Балапаным
Ж.Қ: Алтыным
Ж.Қ: Ардақтым
Қ: Асылым
Ж.Қ: Аңсағаным
Ж.Қ: Махаббатым
Ж.Қ: Алғашқы махаббатым

Қ.Ж: Қонжығым

Қ: Панам

Қ: Қорғанышым

Ж: Қошақаным

Қ.Ж: Ақалдым

Қ.Ж: Сағынышым

Қ.Ж: Шырайлым

Қ.Ж: Тынысым

Қ.Ж: Жан  торсығым

Қ.Ж: Мейірімім

Қ.Ж: Мейірімдім

Қ.Ж: Кішкентайым

Қалжың түрінде де айтсаңыз болады:

Қ.Ж: банкоматым

Қ.Ж: алтын балығым

Қ.Ж: шоколадым

Қ: Пошанайым

Дене бітіміне қарай еркелетсеңіз де болады:

Томпағым (егер толық болса)
Инелігім (арық болса)
Аққуым (аққұба, нәзік болса)
Бейонсым (етті болса)

Қапқарашкам (егер қара торы болса)

Сіздердің қосарларыңыз болса, жаза отырыңызда



Бөлісу: