Сұлулық бетте емес
блог
Таң аттырып, кешкіден қорқатындай,
Мұң кетпей болмайд әттең тарқатылмай.
Кеш бата ұйқыға тым асығасың,
Ару қыз. Жаның сенің жарқын айдай.
Шолақ ойы жастардың білектерде,
Тәні сұлу бастысы, тілектерде
Ей адамзат, махаббатты бағалай біл,
Сұлулық бетте емес, жүректерде.
Жан айғайы шыққандай бұл арудың,
Өзге жанды қаратар, жоқ қаруың.
Ауырады жаны кеп, солқылдайды
Жүрек үні тап – таза, кіршіксіз тым
Мазақ қылып жүреді таныстарда
Достары жоқ, жалғыз өзі кеш батқанда
Ей адамзат, доғарыңдар бұл сұмдықты
Тәні сұлу емес бұл, сондықтанда
Кеш батқан соң мен тағы кімді балайм,
Жаны кір – кір, имансыз, әлсіз арай
Тәні сұлу, рухани жұтам қызды
Құбыжықтың өзіне оны санайм.
Сырласатын құрбы жоқ дым болмаса,
Жігіттерің қарамайтын, бақ қонбаса
Жалғыздықтан қорқатын сәулем менің,
Жас толатын күнігі, гүл солмаса!
Сезім айтып бір жігіт келмеушімед?
Ару жаны жақсыны сезбеушімед?
Ұсқынсыз бір үйрегің есейгенде,
Аққу құсқа айналар демеушімед?!
Шыда ару, жақсыға сен, одан тайма,
Сұлу жаның – күн көзіме, жарық айма?
Бір күндері үн қатып тілегіңе,
Ғашық болып қалар – ау жүрегіңе!
Есіміңді теңеп айға, қойған білсең.
Ата – ана еркесісің, оған сенсең.
Түсінемін бар мұңынды алып ұшқан,
Өзгелерге қарама сен, алға жүрсең.
Қыпша белді, шие ерін, көңілің кең,
Арың таза, инабатты - тек өзің сен,
Сабыр енді, қазақ қыз, жыламашы,
Сендей ару ұнайд маған, негізінен!