Султанмуратова Мадина

Жанары оның-сездірді маған жылуды,

Жүзінен көрдім

Мұңдылық басып тұрса да, шынайы күлуді.

Көзінен көрдім

Ұғындым жанын, тілдеспей білдім өмірін,

Әлеміне үңілдім

Тартылыс күші келгенін қайдан білмедім,

Қиял көгінде өз арманыммен жүр едім.

Махаббат, сезім болар- деп болжап білгенім,

Өзгердім

Өзім арқылы тағдырды көрдім, таныдым.

Тұрақталады, демеймін енді тағы кім?

Тыныштықсыз таппайды жүрек тыным ,

Жүрекке салма, ақылмен ұғын анығын.

Өзім де қажып кетуге сәл-ақ қалыппын,

Санама түрлі ойлрды жиып алыппын.

Шегінбей алға қадам басамын тоқтамай,

Түсіну үшін не екенін бақыттың.

 

Мадина Султанмуратова



Бөлісу: