Студенттік шақта шаңырақ көтерсеңіз...

Студенттік шақта шаңырақ көтерсеңіз...
жеке
блог

Мен бүгін оларға қарап отырып студенттік шақта отбасылы болудың артықшылығы туралы жазғым келіп кетті. 

Əшірбаев Тастемір Ерғалиұлы - 1991 жылдың 16 желтоқсанында ОҚО Қазығұрт ауданы Қақпақ елді мекенінде дүниеге келген. Медициналық коледжде оқып жүрген кезінде өзінің өмірлік жары Разияны жолықтырады. Махаббат қызық...

Медколледжді бітірген соң, "Астана медициналық университетінің" студенті атанады. 2013 жылдың 12 тамызында өмір бойына бойдақтықпен қоштасып, кейбір жігіттердің тілімен айтқанда, "өмір бойына бас бостандығынан айырылады" :)) Бұл кезде ол 3-курс студенті еді. 

Студенттік шақта отбасылы болу - бұл:

- Отбасың үшін оқып қана қоймай, жұмыс істеп, ақша табу; 

Жедел жәрдем қызметі

- Ұлыңмен бірге футбол ойнау;Балалар

- Балалармен сабақ орындау; Үй жұмысы

- Отбасыңмен EXPO-ға бару, тіпті, сонда жұмыс істеу;Экспо

- Жаңа "Mega silkway-дегі" кешкі ас немесе KFC жеуƏбілмансұр

-Отбасыңмен табиғат аясына (Бурабайға) шығу;Бурабайдағы демалыс

- Жыл сайын жазғы демалыста жалғыз əрі ерке балдызыңды қыдырту, оның "Жезде, əңгіме айтыңыз" - деген ызыңын жаздың əр күнінде тыңдау; Отбасымен

- Отбасың барда алаңсыз болу; Сол отырыс қой))

- Бастысы, бұлай бақытты болу:Бақытты отбасы

Биыл олардың үйленгендеріне 4 жыл болды. Мен олардың үйіне келген сайын жайлылық пен жылылықты сезінемін. (Иə, өз үйімдегі бақыт бөлек қой, əрине) Тастемір (жездем) студент кезінде үйленіп, қазір интерн-дəрігер дəрежесіне дейін жетті. Енді, бұйырса, келесі жылы дəрігер атанады. 

Құрметті бойдақ азаматтар, үйленуге асығыңыздар! Себебі, сізді үйде күлімдеп күтетін аяулы жарыңыз бен қуана қарсы алатын балаларыңыз болады. Үйіңізге береке кіреді. Отбасыңыз үшін адал еңбек етіп, бар махаббатыңызды соған арнайсыз. Ал олар сізді жақсы көреді:)) Бастысы, сіздің жаныңыздан жатсаңыз да, тұрсаңыз да табылатын, түнде үйге келмей қалсаңыз сіз үшін уайымдайтын, алысқа кетсеңіз сізді сағынатын, сіз үшін əрдайым дұға тілеп жүретін жандар көбейеді. Сол жандардың бірегейіне айналады, себебі - олардың орны əрқашан да бөлек. 

Бақытты болайық, бақытты болыңыздар!