Сонда да күт...
Әй, жүрек, болды енді, тоқтат жетер!
Ойламағын, сүймегін, бәрі бекер.
Ол сүймеді, таңдады ол өзгені
Ал сен түсін, жаралама өзіңді одан бетер.
* * *
Оралар ед(і) ол да сені сүйсе егер,
Сонда да күт, мүмкін ертең қайта келер.
Мүмкін мүлдем...
Белгісіз...
-Қашан келер?
Сонда да күт, күт оны, бір күн(і) келер.
* * *
Күткін оны тағатсыздық, төзімменен,
Сен шыдасаң, мен де күтем, төземін мен.
Бірақ дағы қорқамын мен...
Баянсыздық... -
Мен сенен.
Қорқамын мен тумасынан
Үміттен...