Сезінген серігіме.

Сезінген серігіме.
жеке
блог

Уайымсыз бақыт кешінде,

Кездесуші едік асыға.

Махаббат ойды есірте,

Адастырушы еді қасында.

 

Кештің де батқан шақтары,

Арайлы болып көрінер.

Арқалық шағын бақтары,

Ерекше көңіл бөлінер.

 

Сен мені айда демейсін,

Уақытың аз ба аңсауға.

Әйтеуір гүлге теңейсін,

Силаған өзін бақшада.

 

Күндер де жүз атып, мың батты, 

Әр уақыт сенімен қымбат тым.

Сезімге сендірген бұл шақты,

Сезінген серігім сендей кім?!