Сезім сыры

Сайрамай әсем әніңді,

Өзгеге ұшып кеткенсің

Неге де болса шыдадым

Сен енді жаным өткенсің.

 

Жарасын емдеп жүректің,

Бұл уақыт мені жұбатты,

Қай кезде болсын сезімің,

Болсыншы дер ем тұрақты.

 

Ауыртып талай жүректі,

Жүргенде жаным шығарсың.

Мен үшін дара саналар,

Мойныма таққан тұмарсың.

 

Жалындап жаным жанғанмен,

Сен мен үшін жалғансың.

Сөндіріп сезім шырағын,

Көзден жас боп тамғансың

Үзілген үміт жартысын

Өзге боп енді жалғарсын...

 

 



Бөлісу: