Сержан Әлімбет - Сезімнің күрмеулері
жеке
блог
блог
Шеше алмай сезімнің күрмеулерін.
Керек маған сырымды білмеулерін.
Өтінген -ем жүрегіме түнге қарай.
Тонаушының кейіпінде кірмеулерін.
Бетіме баса ма деп айыбымды.
Көңілімнің бұл күнде жайы мұңды.
Толқын сулар тағы да жараламақ.
Желкенін бұзып алған қайығымды.
Қайғы ма, қайғы қоса жамап келем.
Төбемдегі қара бұлтқа қарап келем.
Қара бұлтты жамылған айсыз түнде.
Қадам басқан ізімді санап келем.
Сыңар боп артымдағы қайран іздер
Тап болдық қорқынышқа қайдан біздер.
Жан сырымды ұғынып алардай боп.
Желкелеп келе жатыр табан іздер.
Шеше алмай сезімнің күрмеулерін.
Керек маған сырымды білмеулерін.
Өтінген -ем жүрегіме түнге қарай.
Тонаушының кейіпінде кірмеулерін.
© Сикон Әлімбет