Сенсіз жүрек...
Түн. Тыныштық. Мен жатырмын көз ілмей,
Санамдағы арпалыс көз ілдірмей.
Әдетім бұл күні-түні сені ойлау-
Сенсіз жүрек қырсығады тыным бермей...
* * *
Үнің тәтті, күлкің жылы, ернің балдай-
Сұлусың сен жәннәттың хор қызындай.
Құшқысы кеп сені іздейді құрғыр жүрек
Бірақ, әттең, бұл ойдағы жай күйгелек.
* * *
Ал сен...
Ойлайсың ба сен мені?
Сені де ой мазалай ма мендегі?
Сыңарын іздейді ме шіркін жүрек сендегі?
Жырлайды ма "мен-сенікі, сен-менікі"?
* * *
Кел!..
Ғашықтық майданынан жасырмайық-
Жар салайық!
Дәлелдейік кезек бізде ендігі,
Күресейік, жан шыдатпай қиналайық-
Шыдайық, сонда дағы айырылмайық.