Сен маған ауадай керексің

Құрметті оқырмандар, әріптестерімнің түрлі тақырыпта жазып жүрген әңгімелерін, блогтарын, мақалаларын оқып жүрген шығарсыздар. Мен бұл жолы кішкентай болса да өзгеріс жасайын. Назарларыңызға еш жерде жарияланбаған, көп ешкім біле бермейтін, сиясы кеппеген осы бір өлең шумақтарымды ұсынғым келіп отыр. Оқып, бағасын берерсіздер. Негізі поэзия ақыны емеспін. Тек осылай анда-санда шимайлап, бір нәрселерді жазатынымыз болмаса. Ең бастысы жүректен шыққан туынды жүрекке жетеді деп ойлаймын. Қабыл алыңыздар!

Кінәлі мен шығар алдыңда, 
Жо жоқ бір құпия бар мұнда. 
Себебі сүйемін деп жүріп, 
Оп-оңай қоштаса салдың ба? 
Өзгені ұнатып қалдың ба? 

Жарайды сол болса қалауың, 
Жолықса шын сүйген адамың. 
Мен бірақ қызғанып барамын, 
Сен оны сезбейсің қарағым. 

Сен мені ұмыттың солай ма? 
Мен де енді ұмытам қалайда. 
Алтыным білесің алайда, 
Ұмыту соқпайды оңайға. 

Есімде кездескен алғаш күн, 
Бір көріп есімнен алжастым. 
Сүйіктім сүйкімді бейнеңді, 
Ешқашан ұмыта алмаспын. 

Қайтейін көнем ғой бәріне, 
Өзіңсіз өмірдің мәні не? 
Сұлу қыз келіскен сәні де, 
Мен сені сүйемін әлі де. 

Сен мендік сезімге себепсің, 
Сондықтан бәрінен бөлексің. 
Қысқасы бес күндік жалғанда, 
Сен маған ауадай керексің, 
Керексің, керексің!

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: