Сен қайтер ең?
жеке
блог
блог
Өзің дара өмірде, сөзің дара,
Мөлдіреген түңғиық көзің қара.
Өмірдегі ең сұлу өзің ғана!
Білесің бе? Жалғыз ˗ ақ лайықты
Сендей жанды сүюге өзім ғана!
Сен қайтер ең? Жаулап алсам жаныңды,
Өзімдікі етсем сенде барыңды.
Жүрегіңе жақсам сезім алауын
Өшіре алмай қаласың ғой жалынды.
Сен қайтесің? Егер гүл боп жайнасам,
Мәңгілікке сені өзіме байласам.
Сен қайтесің? Есің кетіп ғашық боп,
Жаның қалмай жалғыз мені ойласаң?
Менің мөлдір көздеріме байланып,
Қайда жүрсең мен жайында ойланып,
Сен қайтесің мені көрген кезіңде
Қалсаң егер маған басың айналып?