Себепсіз сүйдім демеймін...
блог
Ляззаттан жүрек айнымас,
Сезімге қайдан болдым мас?
Бір түйір ауа кеудемде,
Сені ойламай шығалмас.
Себепсіз сүйдім демеймін,
Жүректі немен емдеймін.
Ауырлау болған мына күйді,
Сынақпен қандай теңеймін.
Жатырқай бердің оралсам,
Мазасыз болдым жоғалсан.
Алыстау қолдан келмейді,
Көнемін қанша қорласан.
Еркекпін одан не пайда?
Силайтын мені кім? қайда?
Намысты жауып қойғанда,
Еркектік атым қалмай ма?
Мейлі де, мейлі қалмасын,
Менде оған жоқ қой таласым.
Сен ғана менің таңбамсын,
Үзілмей менен қалғансын.
Сондықтан болар тілеуім,
Жер беті айналып түссе де,
Сені ешкім менен алмасын!
Таяуда таяу деп жүрмін,
Сен оралар сол бір күн.
Жанымды жәннәт еткізер,
Ең соңғы сол ғой үмітім.
Сүрініп жүрмін сенсіз мен,
Әр күнім болды ергелең.
Сен жоқта бәрі бықсыды,
Сөзіме мына сенермен?