Тым алыссың. Жанымнан жырақтасың. Бәріне кінәлі мен де сенде емес арадағы қашықтық болар.Бәлкім сенің қытымыр жүзің, менің сыр білдірмеуім болар. Міне,осымен биыл 5-ші жыл. Оңашада оқшауланып, көк дәптерімді шимайлап, қаламмен орағытып отқан жәйім бар. Бұған арқау болған менің саған деген сағынышым. Сені сол күйіңде, сол қалпыңда әлі сағынамын. Алаулаған махаббатым су құйып өшірседе өшкен емес. Күннің атқаны мен батқаны көретінім сенің бейнең. Бәрінен де биік ең ұлы нәрсе - махаббат екендігіне көзім екі елі жеткенді. Суреттеріне қарап сағынышыма нәр бітіргендей боламындағы. Бірақ ол үнсіз. Түн ұйқымды ұрлайтын әдемі түстер енді жоқ.Қиялымдағы болмыстар сенімен өлшенеді. Әрбір тыңдалған ән жүректі мұздатып, қай-қайдағыны еске түсіретіні барма.. Жүдә бұндайда егіле жылап алатын әдет шығардым. Сағыныш бірақ, сарқылмас сауле секілді, өміріме жарық береді. Сен дегенде үмітім ешқашан сөнген емес. Сірә мен сенің үлкен шұңқырыңа түсіп, кісендеулі қалдым-ау. Оның құлпын ашатын бір өзің екенідігіңді сенің білмейтінің өкінішті-ақ.
Мүмкін сенде сезімнің сергелдеңіне түсіп жүрген боларсың,білмедім.Менің бақытым сенсің!Бір білерім осы.