Саған алғашқы хатым болсын...
блог
Адарға деген сезімімді ешқашан жасырмаймын. Бүгін тірі тұрғанда, басымның амандығында бүкпесіз, қоспасыз шын жүрегіммен айтып саламын. Өмір жұмбақ. Ертен не боларын ешкім білмейді. Айтуға үлгермей қалып, кеш болған да жанымды қинағым келмейді.
Бүгін ерекше шабыттанып отырмын. Бар өткенімді ой елегімнен бір-ақ өткізіп шықтым! Солардың арасында ең әсерлісін қайта-қайта ойлай бердім. Ол-сезім (яғни алғашқы махаббатым)! Неге екені белгісіз мен осы шығармамды оған арнағым келіп отыр. Оны қанша жеккөрсем, соншалықты сүйемін. Мүмкін ол оны білетін де шығар, мүмкін дәл осы жазып отырғаным қате болар. Бірақ, тоқтамаймын. Барлығын бүгін жайып салып құтылмасам іштегі жара үлкейіп барады. Ең алдымен ең көп қинайтын сұрақтың бірі мен оны үш жарым жылдан бері сүйемін, сол уақыт аралығында “неге онымен бірге болу үшін бірде бір мүмкіндік берілмеді екен?” Оның жауабы ол мені сүймегендіктен бе? Осынша жыл, осынша уақыт қалай ғана шыдадым екен. Оған деген сезімді қалайша іште сақтап жүре бердім. Сен менің ең жақын құрбым болып кеткен қызға сөз салып жүрсеңде мен ләм-лим демей шыдап жүрдім. Не үшін білсең ғой біріншіден; бақытты болуыңды қаладым! Екіншіден; қолымнан ештене келмейтінін білдім. Біреуді сүйіп, оның сүйіктісі бола алмау өте ауыр екен. Сенде ол жағдайды басыңнан кешірген шығарсың.
Шіркін, сен менің ішімдегінің барлығын көзіме қарап оқи алсаң ғой. Мен сені сүйгендей сенде мені сүйе алсаң ғой. Менен артық бақытты жан болмас еді. Еркекті төрге сүйрейтін де, көрге сүйрейтін де әйел! Сол демекші сені көрге емес төрге сүйрейтін едім. Сені алыстан көріп қалсамда өзімді бақытты сезініп жүрдім. Мендегі сезімде елемесеңде, армандап жүре берем күнде сені.
Пысы; осы жазғанымды оқысаңда осының өзі бақыт. Және де өте жақсы білемін, осыны оқыған соң ештене жазбайтыныңды. Сені осыған жауап ретінде жазады деп ойламаймын. Бірақ жай ойымда сақтап қой. Сені де біреу жанындай сүйетін, шын жүрегімен бақытты болуыңды қалайтын адам бар. Бүгін түсінбесең ертен міндетті түрде түсінесің. Арманым болып қала бересің ....