Өзімнен 13 жас үлкен жігітке ғашық болып қалдым...
блог
Мен өзімнен 13 жасқа үлкен жігітке ғашық болып қалдым.Мен осыдан 4 жыл бұрын жаңа жылды ауылда,яғни,нағашы тәтем тұрмысқа шығып кеткен жерге барып өткізгім келді.Себебі сол жақта бөлелерім бар болатын.Оларды көрмегеніме 1 жарым жылдай болған болатын.Сол себепті қатты көргім келді.Ол жаққа екі автобуспен қатынауға тура келетін.Ендігі бірінші автобустан түсіп,екінші автобусқа мінетін кез еді.Ол жаққа әкемнен басқасының бәріміз бардық.Солай екінші автобусқа мінер алдын ол жігітті көрдім.Басында мүлдем мән бермеген болатынмын.Ол автобустың артқы жағына мініп кетті.Анам мені де артқы жағына мінгізгісі келді.Себебі арт жағы сәл бос болатын.Автобус толы адам.Содан біз алдыңғы жаққа міндік.Солай тұрдық.Автобус жүрді.Жолдың ортасына келгенде,яғни,автобустың жүргеніне жарты сағат болғанда артқы жақтан шу шықты.Сол жерде ішіп алған бір жігіт жаңағы жігітке тиіскен болатын.Шудың неден шыққанын анық білмеймін себебі шаруам жоқ болатын оларда.Солай шу тоқтады.Сәлден соң тағыда сол жәйт қайталанып мен жақсы көретін жігіт жапа шекті.Солай ол жігітке алдыға кеп мін деп бір тәте айтты.Олар бірін-бірі танитын болатын.Себебі сол автобустың басым бөлігі біз бара жатқан ауылда тұратын.Және мен жақсы көрген жігітте сонда тұрады.Солай басталды.Біз бір-бірімізге қарай бердік.Әрине ол махаббатпен емес.Мен оған әр қараған сайын ол маған тесіле қарап тұратын.Солай қайталана беретін.Менде оған тесіле қарап көз ала алмай қалатынмын.Сол кезде ғашық болғанымды түсіне бастадым.Әр кезде оның қараған көздерін іздеп тұратынмын.Солай ауылға келдік.Түстік.Сосын бірден үйге тарттық.Ал ана жігіт сол жерде қалды.Содан мен ойладым оны басқа ауылда тұрады деп.Солай мен үйге келе салысымен нағашы тәтеме,бөле сіңіліме айттым.Есімінде есіме әрең түсірдім.Олардан сол есімдегі жігіт осы ауылда тұрады ма деп сұрадым.Баста олар кішкентай баланы айтты.Содан үмітіп үзіле бергенде тәтем сондай есімді жігіт бар деді ауылда.Солай оның фамилиясын сұрап вкдан іздеп көргім келді.Сол тәтемнің қайын інісінің достар тізімінен таптық.Сол кезде қатты қуандым.Бар суретін жүктедім.Көп суретке түспейтіндігі көрініп тұр.Бір екі сараң суреті бар екен.Басқа жоқ.Солай далаға көп шығып сол жігітпен кездесуді тілейтін болдым.Ол ауыл сәл кішкентай болатын.Ондай қатты емес.Ауылдың адамдары бірін-бірі таниды екен.Сол үшін менде көріп қалармын деген оймен шығатынмын.Бірақ түк шықпады.Сосын оны көп ойлауды шығардым.Тіпті музыка тыңдап қиялдап кететін болдым.Ендігі демалысымыз бітіп үйге қайтатын кез келді.Қимадым.Нағашы тәтем мен бөлелерімді емес сол жігітті.Қайтқан кезде біртүрлі болып,жылауды шығардым.Суреттеріне қарап жылайтынмын.Үнемі күнім қызықсыз сияқты көрінетін.Солай кезекті тоқсан бітіп көктем кезінде демалысқа шықтық.Сол кездеде сол жаққа қарай бардық.Наурыз мейрамы адамдар ауылда алтыбақан құрып,көже,бауырсақ дайындап,концерт көрсетіп жатты.Бізде сол жерге бардық.Мен сол жігітті кездестіретініме сендім.Және солай болды.Кездестірдім.Тағыда сол көзқарас.Тағыда тұрдық бір-бірімізге қарап.Мен оның көзқарасынан жиі қаштым.Себебі ұялдым.Мен оның фамилиясын алып вкға кірдім.Оған достық жібердім.Әрине қабылдады.Мен оған айтуға батпадым.Кейін 18 шы жылдың тамыз айында үйленгенін естідім.Жүрегім қақ айырылды.Қатты өкіріп жыладым.Бірақ іштей бақытты болсын дедім.Бірақ бақыттары ұзаққа бармады.Шамамен бір ай өткенде ажырасып кетті деп естідім.Себебін біле алмадым сол күйі.Солай уақыттар өте берді.Айлар,жылдар.Солардың ішінде оны бірнеше рет көрдім.Сөйтіп 19 шы жылдың қазан айында мен оған вк арқылы сезімімді айттым.Басында жіберуге қорықтым.Бірақ күш жігерімді жинап айттым.Қыз баласына өте қиын екен біреуді сүйіп,оған айта алмаған.Ол оқыды алайда жауап қайтқан жоқ.Жарайт деп қойдым.Кейін номерін тауып алып звандадым.Атымды басқаша айтып сөйлестім.Бір емес екі рет.Кейін мен хабарластым деп шындықты айттым.Ол номерді кім берді деп қана сұрады.Басқа ештеме демеді.Содан қайдан алғанымды айттым.Кейін қара тізімге салып тастады.Мен жылағым келді.Бірақ өзімді ұстадым.Оның істегені әлбетте дұрыс.Себебі мені ол кішкентай деп есептейді.Кеше жақында оны оған фейк парақша арқылы достыққа өтініш тастадым.Қабылдады.Артынша жазды.Сөйлестік.Мен сәл жылымды үлкейттім.Номерімді сұрады.Екінші номерімді бердім.Біріншісін бермедім.Себебі оның дәл үйінің жанында тұратын менің бөлемнің туған сіңілісінде бар тұғын.Біліп қояма деп екіншісін ғана бердім.Ол хабарласты.Сөйлестік.Өзі түгілі даусына басым кетті.Қатты ұнады.Жас баланың дауысындай.Темекі тартпайды,ішпейді екен.Үйленгенін жасырды.Бірақ айтпақ болған кездескенде.Мен өзім сұрағым келіп сұрадым.Жасырмады.Дәм тұзымыз жараспай ажырасып кеттік деді.Бар болғаны 20 күн ғана тұрған екен.Әлі күнге дейін сөйлесіп келемін.Бір күні шындық ашылады ма деп қатты қорқамын.Ол менімен кездескісі келеді.Маған даусың қатты ұнайды.Кейде сағындым деп айтқан.Мен онымен мұндай жағдайда сөйлескенім үшін өкінемін.Кейде шындықты айтқым келіп тұратын.Бірақ батпаймын.Қорқамын айтуға.Қалай алшақтарымды білмеймін.Оны қатты жақсы көрем.Қалай ұмытсам болады екен?Қатты қиналдым.Не істерімді білмимін.Қыз баласына қиын екен ғашық болып,ұмыта алмау.Мен соны түсіндім.