Өзгеге эмоционалды тәуілді болу-дерт пе әлде сезім ба?

Адам баласы дүниеге келгеннен-ақ ортаға бейімделіп,айналасындағы адамдарға бауыр басып үйренеді.Ендігі бұл дүние-бізбен бірге өмір бойы серік болып жүруі бәріне де белгілі шығар.Бауыр басудың ең ықтималды нәтижесі-эмоционалды тәуелді болу.Ал ендігі кезекте бұл қаншалықты дұрыс не болмаса не себепті қате ұғым болып есептелетінін талдайық.

Негізі,бұл қасиет махаббаттан туындайды.Жаныңдағы адамға деген сүйіспеншілік,таза сезім мен дәл осы қасиеттердің саған да қайтуы,өзіңді ерекше,бөлек сезіну мүмкіндігін тудырады.Алайда отбасыңды санамағанда,өзге адам осы сезімдерді саған көрсетсе,жағдайдың мүлде бөлек болары сөзсіз.Жаныңда,не байланыста болмаған жағдайда үрей туындап,күмән мен сезімге күдік туа бастайды,оның назары саған энергия көзі болып,бар ойың сол бір жанда болады.Қанша махаббат күші деп жан айқай салсаң да,жүрегіңнің түбінде барлығы жақын адамыңды жоғалтып алу туралы қорқыныш пен алды-артына қарамай,сені тастап кетуі мүмкін деген ойлар жиі мазалайтыны рас.Шын мәнінде,бұндай ойлар бұрында болған тәжірбиесіне де байланысты болады,демек өткен шағындағы оқиғаның қайталануынан қорқып,адамға деген сенім айтарлықтай төмендегендігінен болады.Сол себепті де осындай торға тап болған адамдарды даттаудың орнына,олардың ішкі дүниесіне көз салып,эмоционалды тұрғыда бағалаған дұрыс,өйткені сен адамның жан-дүниесінде қандай алай-дүлей болып жатқанын білмейсің.Айтылып кеткен жағдай расында да сезім жайлы шығар бәлкім,алайда уақыта өте дертке айналған ауыр түрі..

Ендігі кезекте "Адамның күні адамда"деген сөз қазір жаңа мағынаға ие болғандай.Бірақ ешқашан психологиялық дерт пен эмоционалды қажеттілік тудырмасын,тек салмақты,дұрыс махаббат формаларында кездескен абзал.Өмірдің ағысы адамды түрлі жаңа жағаға әкеліп соғып,тәжірбие арқылы өмір көрсеткені,сезімдердің шынайы мен жалғандығын айыратыны әлі де әлемдегі сиқырға сену мүмкіндігінің жаңа демін бергенмен тең десек,қате болмас!

 



Бөлісу: