Ойдан құрастырылған әңгіме
блог
Олар бақытты еді. Олар бірге жүргенде ешнәрсеге уайымдамайтын еді. Тіпті, өмірдің сынағына да қатар төтеп беруге әзір тұрды. Бір-бірін қатты жақсы көргендері сонша, бір сәт көрмей қалса алаңдап, сырттан көз алмайтын. Бірақ ...
Мөлдір жаңбырды қатты жақсы көреді. Көңілі құлазып, хошы болмаған кездерде жаңбырды сағынатын. Себебі, жаңбыр көз жасты жасырады.
Кешелі бері Мақсаттан хабар ала алмай отырған Мөлдір, әлі терезеден көзін алмай, жауған жаңбырға тесіле қарап отыр. Күтуден жалығатын емес. Жанында телефон. Терезенің алдында тізесін құшақтаған күйде таң атырды. Соның алдында ғана Мөлдірді сырттай ұнатып жүретін группалас досы Айбек Мақсатқа Мөлдір екеуінің суретін көрсетіп, оны жақсы көретіндігін, жақында екеуі үйленуге бел буғандарын айтып сендіріп қойған. Ал, ол жағдай Мөлдірге беймәлім еді. Айбекке қаншама рет өзіне жоламауын, Мақсат екеуінен аулақ жүруін қайталап айтса да ол өз дегенін жасады. Мөлдірге қолы жететіндігіне сенімді еді.
Кеш бата шыдамай Мақсатқа телефон соқты. Ар жағынан салқын дауыспен Мақсат:
-Тыңдап тұрмын!,-деді,
- Қалың қалай, жаным? Сені алаңдап отырмын. Көз ілмедім. Неге келмедің, хабарласпадың да?- дей бергені сол еді
- Өтініш, маған енді хабарласпа!-деген қатқыл үнмен үзіліп қалған желінің үні ғана қалды...
... Мөлдір жылады. Жаңбырмен бірге көз жасы сарқылмады. Не болғанын түсінбеді. Хабарлама жазды. Жауап жоқ. Жатар алдында сөйлеспей жатпайтын әдеттері бар болатын. Сағынды. Тағы қоңырау шалды. Бейтаныс қыз көтеріп, оның қолы бос емес екендігін айтып, тұтқаны қоя салды. Үнсіздік... Жүрек жылап жатыр себебі...
Таң атысымен қоңырау келіп түсті. Мақсат. Дереу көтерді.
- Сағат 11-де кездесетін жерімізге кел, әңгіме бар,-деді.
Қуанғаннан жылап жіберіп:
- Әрине, келем,-деп тұтқаны қойды да, дереу жуынып, дайындала бастады.
Межелі уақытта керек жерге келген Мөлдір Мақсаттың жанында ұзын бойлы, сүйкімді бір қызды көрді. Оны құшақтап, күлімсіреп келе жатқан еді Мақсат. Шынайы күлкі ме, жоқ жасанды ма ол жағы беймәлім еді. Келе сала Мөлдірдің аузын аштырмастан әлі қыз жағынан салып қалып, "Енді Мақсатқа жолама!,-деп айқайлады да кері кетіп қалды. Көзінен оты жарқ етіп өшкен Мөлдірдің жанарынан енді жас аралас қан аққандай күй кешіп қала берді. Шындығында, жүрегі қан жылап тұр еді ғой. Мақсат болса артына бір қарады да қолорамалын беріп, үнсіз кетті де қалды. Әрине, оған да оңай тиіп тұрған жоқ. Алайда, қызының "бұлай жасауы мүмкін емес" деген ой оған дәл сол кезде келе қоймады. Себебі, Мөлдірді қаншалықты сүйсе соншалықты жек көріп тұрды. Айбектің айтқандары құлағынан кетпей, Мөлдірді көргенде Айбек елестеп, екеуінің үйленіп жатқандары көз алдына ербеңдей берді. Сене алмады. Қанша рет рас не өтірігін сұрауға оқталып, ернін тістеп қала берді. Ішінде сақтай беретін әдеті оны ақыры жарға құлатты.
Үйге әзер дегенде келіп, жуынатын бөлмеге кіріп, есін әзер жиған Мөлдір, түс көргендей күй кешті. "Неге? Не үшін? Не жаздым?" деген сұрақтардың жауабын таба алмай жаны қиналып, тамағына өксік толып, ішін тырнап барады. Ессіз сүйген жаны бір-ақ күнде бұлай кететіндей ол не жасады?
Ұзақ ойланды. Тағы да хабарлама жазды. Хатта " Сенің кішкентайың сені қатты сүйеді" делінген. Артынан " Нөмірімді өшір, енді жазба!" деген жауап келді. Көзі жасқа малынған күйде Мөлдір өзі отырып, жауған жаңбырды тамашалайтын терезеден төменге қарай құлдилай кетті. Сегізінші қабаттан. Ол бұған шыдамады. Сүйгенінің осындай әрекетке барғанына сене алмады. Бар әлемде жалғыз қалғандай күй кешті. Құс болғысы келген. Бірақ, құстар жоғары самғайды. Ал, Мөлдір төменге қарай түсе берді, түсе берді. Көз алдында Мақсатпен өткізген әдемі кештері, махаббаттары, армандары, болашаққа жоспарлары таспадай өте берді, өте берді. Ол енді ЕСКІ ТАСПА күйінде қала береді. Ешкім көрмеген, ешкім естімеген...
Сол "кездесуден" соң Мақсат жанындағы қызды Мөлдірге қол көтергені үшін ұрсып, аулақ жүруін талап етті. Жолай оған Мөлдірдің таныс досы Айбек кездесті. Ол Мақсаттан кешірім сұрап, барлық болған жайды айтып бергенде ғана, өзінің қандай жеккөрінішті іске барғанын ойлап бір орында қатып қалды. Сүйгеніне сенбегені үшін, жанына жара салып, қинағаны үшін өзін жазғырды, кінәләді. Алайда, бір сәт абдырады да, дереу бір букет гүл алып, Мөлдірге қарай құстай самғады. Жолда бір тал гүлі құлап қалып, көтере бергені сол өтіп бара жатқан біреу әлгі гүлді басып өте шықты. Назар аудармастан Мақсат әрі қарай жүгіріп, Мөлдірдің үйіне жетті. Келсе, үйдің алды толған адам, полиция, жедел жәрдем көлігі. Түкке түсінбеген Мақсат, Мөлдірдің анасына келіп мән-жайды сұрамақ болды. Ойында " Кішкентайының" әкесіне бірнәрсе болып қалды ма деген ой. Сол сәтте анасы:
- Қызым, Мөлдірім, көзімнің қарашығы,-деп жылағанын естіп, суық суды төбесінен құя салғандай тұрған жерінде ессіз қалды. Тізерлеп отыра кетіп, тілі байланып қалды. Тек қана "Мен не істедім?" деген сөзін қайталай берді. Өкінгеннен не пайда? Қыздың абыройын айрандай төгіп, ертіп келген беймәлім қызға қол көтертіп, өзі түк айтпастан кеткені адамшылыққа жата ма? Махаббатының құны осынша ғана болғаны үшін Мақсат өзін іштей жей берді.
Енді міне, бір уыс топырағын құшақтап қалғанына жеті күн өтті. Күн сайын мазарына сүйіктісінің сүйікті гүлін әкеліп, онымен іштей сырласып, кешірім сұрап жүргеніне де жеті күн болды. Үйіне қонбай, бейіттің басына қонып жүргеніне де жеті күн. Кішкентайының дауысын, күлкісін, сөздерін естімегелі де жеті күн өтті. " Сенің Кішкентайың сені сүйеді",-деп жазған соңғы хатын оқып, еңкілдеп жылап жүргеніне де жеті күн. Сағынды, жылады ...
Ертеңіне таңның әдемі рауандап атып келе жатқанын көзін әрең ашып, соңғы рет қарады да "Кішкентайым" деп сыбырлап, қолын Мөлдірдің тоырағының үстіне қойған күйі көз жұмды ...
Сүйді. Қателесті. Сонда да бірге болды. Бірақ, бұл өмірде емес...
Лав сторидің бәрі хеппи ендпен аяқтала бермейді екен...