Ойдағы опасыздық. Эмоционалдық опасыздықтың 10 белгісі

Эмоционалды опасыздық пен тән опасыздығының айырмашылығы қандай? Бәлкім сіз жарыңыздың жанында жатып өзге жанды ойлайтын шығарсыз?  Барлығымыз тән опасыздығы жайында айтамыз, ал ой опасыздығы туралы көп айтыла беймейді. Таңғаларсыз, бірақ  бір жастықты бөдіскен жарыңыздың жанында жатып өзге жанды ойлау да опасыздық болып саналады. Неге? Жауабын "Сырласу" онлайн-журналы жазады.  

Өмірлік серігіңізбен қарым-қатынаста бәрі жақсы болып көрінуі мүмкін, бірақ сіз бөгде ер адам жайында ойлауды доғармайсыз. Ол сіздің достарыңыздың жақын жолдасы, әлеуметтік желідегі кездейсоқ таныс немесе жақсы қарым-қатынаста қалған бұрынғы жігітіңіз болуы бек мүмкін. Сіз бір күні өзіңізді «Ал егер…» деген опасыз оймен ұстайсыз. Тән опасыздығы емес, жан опасыздығын жасап жүргеніңізді қалай түсінуге болады?

№1 Эмоционалды опасыздық – SMS-хабарламаларды жасыру.
Бөгде ер азамат хабарлама жіберген кезде сіз фактіні жұбыңыздан жасыру үшін бұрылып кетіп, барынша телефоныңызды көрсетпеуге тырысасыз. Жеке кеңістікті сақтау – дұрыс, дегенмен тыңшылық қулықтар жақсы нәрсеге алып келмейтіні анық. Бұл эмоциналды опасыздық болып табылады.

 

№2 Эмоционалды опасыздық – Уақыт жоғалту
Сіз хабарламаларға жауап беріп жатқанда сағаттар минуттай зымырайды, ал таңғы ас уақытында сіз экранға үңіліп, ауыз ашпайсыз. Байқаңыз, бұл экран күйеуіңіздің/жігітіңіздің дабыл отына айналып жүрмесін.

 

№3 Эмоционалды опасыздық – Жол күту
Өмірлік серігің бола тұра басқа адамды ойлап, аяқ асты жолда көріп қалам ба деген үмітпен өмір сүру – өзіңнің де, жарыңның да алтын уақытын алады. Бұл аяқ асты кездесуден не күтесіз? Жарыңызға опасыздық жасауды жоспарлаған жоқсыз ғой?! Бәлкім бұл эмоционалды опасыздық шығар?!

 

№4 Эмоционалды опасыздыққа апарар жол – Кездесуге жалғыз бару
Қарым-қатынаста жеке кеңістіктің болғаны пайдалы, алайда сіз неге өзге ер азаматпен жеке кездесуге бекінгеніңізді ойланыз. Егер ол досың/көршің немесе сыныптасың болса неге күйеуіңмен/жігітіңмен бармасқа?! Егер еш жерге жұбыңызбен бармайтын болсаңыз бір басқа, ал бұл кездесуде жұбыңызды алып барған ыңғайсыздық тудырса, оның жөні бөлек.

 

№5 Эмоционалды опасыздықтың бір түрі – Екеуін салыстыру
Жарыңыз/жігітіңіз кеш бойына үндемей отырады және сіз ұнатпайтын джинсыны киіп шығады, ал ойыңыздағы еркек отырыстың көркін қыздырып, соңғы үлгідегі киімдерді киеді. Салыстырмаңыз! Сіз отпен ойнап жүрсіз!

 

№6 Эмоционалды опасыздық – Ішкі сырмен бөлісу
Жарыңызға/жігітіңізге емес, өзге еркекке неге ішкі сырыңызды ақтардыңыз? Бәлкім, балалық шағыңыздағы бір оқиға сіз туралы көп дүниені баяндайтын шығар. Ендеше, не себепті сіз ол туралы қазіргі ер-азаматыңызға айтуды құп көрмейсіз?

 

№7. Эмоциялық опасыз ойдың мазалауы 
«Бәлкім… білкім, сәл ертерек кездескенімізде немесе басым бос болғанда осы адаммен жұп болар ма едік…» Мұндай опасыз ойды ойлауға не себеп болды? Өз жұбыңызды сүймейсіз бе, әлде өміріңіздің өзге сценарийі қызық па? Байқаңыз, шындықтың шегі сіз ойлағаннан да жіңішке. Жарыңыз эмоционалды опасыздық жасап жүргеніңізді біліп қойса не боларын ойлаңыз.

 

№8. Кездесуге барынша сәндену – Эмоционалды опасыздыққа бір қадам
Үйден шығар алдында кез келген әйел сылануы тиіс, оған тыйым салынбаған. Бірақ жаңа танысыңызбен кездесуге ерін далабын жарты сағат таңдасаңыз және оны қазіргі ер-азаматыңыз үшін ешқашан жасамаған болсаңыз, себебін өзіңізден сұраңыз.

 

№9. Өте жақын отыру – эмоционалдық опасыздыққа төте жол
Кезекті кездесулердің бірінде ол сізге жақын отырғанын сезінесіз және бұл туралы алдағы 15 минут ішінде ойламауды жөн көресіз. Сәлден кейін жанарларыңыздың түйісуі мен неше рет сөз алмасқаныңызды санаумен боласыз. Енді өзіңізден сұрап көріңізші, бұл үшін ұялудың қажеті бар ма, жоқ па? Жанарлардың түйісуі, ойша пікір алмасу, эмоционалды опасыздық – тән опасыздығына апарар алғашқы жол.

 

№10. Бұл мақаланы оқып отырып, нақты адамды елестету
Бұл мақаланы және алдағы 9 бөлімді оқып отырып өз жұбыңызды емес, өзге адамды елестетіп отырсаңыз, онда сіз де эмоционалдық опасыздыққа жол беріп жүруіңіз әбден мүмкін.

syrlasu.kz



Бөлісу: