Өмір, қымбатсың маған!

Өмір, қымбатсың маған!
жеке
блог

                           Өмір, қымбатсың маған!

 Тағдырым,саған ризамын! Таңғалатыным тосын сыйың! Саған сеніп берген сертім,тәуекелім!Нанып барып,налығаным,жылап жүріп қуанғаным! Пешенемдегі басылған пернелеріме ықыласым  пәк!Өкініп өтінген сәттерім,безініп сезімге берілген кездерім,ӨМІР,сенің өлкеңде!Мен сені сүйем,сен маған қымбатсың!Өтінерім,опатыңнан аулақ қыл!Өзіңде өткен келмес күндерімді сағынам,қош деймінде болашақ күндерге күмәнсіз қадам басам!Айналатыным,ардақтым әрқашан әсем әнімдей болған бұлбұл сазыңды,көркем назыңды  сыйла.Өмір, менің өзіңе көзқарасым саған жан бітіріп береді.Жүрегімнің дыбысы-сенен жұтқан ауамның дүбірінде...сенде істеген істерім мені жетістіктерге жеткізуде.Жарайды,бұл жақсы ғой, ал жақсының жақсысы,өмір ,ол саған мені берген аллаһқа  анттың!Сен оған мені аялайтыныңды,керек кезде аямайтыныңды айттың...Ал ол саған мені өзі  қалаған уақытта жіберуің керек екеніңді ескертті.Сол үшінде,өмір мен сені сүйем!Жаратушы мені анамның құрсағына түйірғып жіберуден бұрын,маған жан беріп,тәнімді оған аманаттады.Ең қызығы жаратқан маған ата-ана,бауыр сыйлады.

Ей,өмір!естисің бе?!Сені жаратқан аллада,мені жаратты.Өмір,сенің алақаныңның апатын көрсін деп емес,көңілденіп,шаттансын деді.Сенде алланың әміріне бағын,менде саған шүбәсіз болам!Себебі,сен,қымбатсың маған!

                                                                            Бағашар Жадыра