Өкпелемеңіз

Өкпелемеңіз, "мұның бәрі де текке" деп,

Өкінесіз ғой қалған соң ол да өкпелеп. 

Айғайлап оған, жанын жаралай бергенше, 

Айтсаңызшы, кетпе деп. 

Ашулансаңыз, сабырмен ойлап көріңіз, 

Əлде салмақты, əлде байсалды болыңыз. 

Өкпелетіп ап, өкініп егер қалсаңыз, 

Болады-ау ертең сорыңыз! 

Қателік жасап, ызаңызды ол шақырса, 

Білместік шығар, ойланбай мүлде отырса. 

Сіз жылатасыз асқынған сабырсыздықпен, 

Не болады екен жасымен таңды атырса?!

Байқаңыз, өтінемін, оны ренжітіп алмаңыз, 

Бармақ шайнайтын ағаттықтарға бармаңыз. 

Кінəлі өзіңіз, оның шырқын бұзсаңыз, 

"Кетіп қалды" деп ертең өкпелеп қалмаңыз! 

 



Бөлісу: