О, Махаббат!

О, Махаббат!
жеке
блог

О, махаббат,

Күшіңе бар жүректі  бағындырып,

Жүрсің-ау  жалындырып, табындырып,

Біреуге ерте келдің  көктем  болып,

Біреуге жетпей жүрсің сағындырып

 

Әлемді  тербетеді  пәк дыбысың,

Көңілдің көліндегі  аққуысың ,

Біреудің жанарынан жас боп ақсаң,

Біреудің  жүзіндегі  шаттығысың.

 

Сен деген болашақсың күлімдеген,

Кей-кейде кеуделерді  тілімдеген,

Жылаған жүректерді жұбатасың

Анадай  әлдилеген үніңменен.

 

Киелі  өсіретін  бесіктейсің,

Кейбіреу шыңғырса да есітпейсің,

Біреуге ашылмаған құлыптайсың,

Біреуге  ашық жатқан есіктейсің.

 

Жазықсыз сүйіп тұрса тергмейсің,

Ізіңнен біреуге ер, ерме дейсің,

Аспандай құшағың кең біреулерге,

Біреуге  пейілі тар пендедейсің.

 

Сен барсың жүрек барда, тіріміз шын

Мәңгілік тоқтамайтын «құрылыссың»

Тепе-тең ұстап тұрған бар дүниені,

Жер-Ана үстіндегі ұлы күшсің,

О,  махаббат!!!

 

Шарапат Раушанбек