Неге күйеуге шықпайсың?

Қазіргі таңда өз-өзін қамтамасыз ете алатын бойжеткен арулар отбасы құрмауына не себеп деген сұрақ қоғамды ойландырады. Әйел адамзатының миссиясы өмірге сәби әкеліп,саналы ұрпақ тәрбиелеу дейміз.Сол саналы ұрпаққа жету үшін қыздарымыз қалақтай диплом мен тәжірбиелі маман болып,ары қарай тоқтап отырып қалып жатады.Не себеп?Себеп призмалары сан-түрлі.Тең-теңімен демекші жағдайы жақсы қыз өзімен теңдеске кезіккісі келеді.Материалдық жағдайынан бөлек,әңгіме айта алатындай интелект болғаныда жөн.Қыздың сана деңгейі өскен сайын,талабы да таудай бола түседі.Бірақ ондай талапқа сай ерлер саны аз.

Жұрт,ағайын-туыс айтты екен деп асығып отбасын құру,шаңырақтың шайқалуына әкеліп жатады.Сондықтан жеке шекараға кіріп,"қашан тойға барамыз?" бас сұғу ұятты іс деген ойдамын.Үйлену оңай,үй болу қиын.Жан-жақтан қысым жасалып,амалдың жоғынан отбасылы болу бір-бірінің бақытына балта шабумен тең.Сондықтан ақылы мен парасаты,әңгімесі жарасып,мінез үйлесімділігі мен махаббат мейірімі болып,сенім шамы жанған жағдаятта ғана отбасы болуға нық қадам басады. 



Бөлісу: