Неге жүрек махаббат символы?

Неге жүрек махаббат символы?
жеке
блог

Жүрек - ерте кезден-ақ махаббатың символы болатын. Бірақ неге осы белгі (♥) махаббатты білдіретіні жайлы аңыздар көп. Жүрек қанды, жанды, бүкіл денені басқарады. Адам жанымен сүйеді. Ал жанының тірегі, қанды айналдырушы, ең маңызды мүше осы жүрек болғандықтан,жанымен - жүрегімен сүйеді.Өзіңнің сыңарыңды алғаш көргенде немесе қымбат адамың бірдеңеге ұшырағанда жүректің сезетінін ғалымдар әлі түсіндіре алмайды. Адам қарама-қарсы жынысты адаммен тартылысты сезгенде адреналин шығарады екен, ал ол жүрек қағысын тазартып, жүрекке тікелей әсер етеді. Жүрек сондықтан да сүйіспеншілік символы.

Ал бірақ ең шындыққа ұқсайтын болжам мынадай:

Қос аққудың бейнесін елестетіңіз. Оларды сызықпен сызып шықсаңыз бір біріне қарама - қарсы тұрған 2 цифрына ұқсайды. 2 деген жұп, қос деген мағынада.

Бұл екеуі бір бірінің көшірме бейнесі (отражение), айнадағы көрінісі, яғни олар бір бірін көрсетіп тұрады. Яғни қос аққу бір-біріне сай, екеуі бірдей. Бір бірі үшін жаралғандар. Осыдан яғни қарама-қарсы тұрған 2 санынан ♥ белгісі туындайдайды.