Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ҚҮШАҚТАЙДЫ ДА, ҚАШЫП КЕТЕДІ!

Тура, Ресей мен Украйна соғысы сияқты... Жырбақай деген миллионердің Ырбақай деген баласы мені көрді де, ғашық болды. Ақшаның буына мастанған ол мені қай жерде көрсе, сол жерде құшақтай алады да, қысып–қысып, сосын қашып кетеді. Ал, мен оны ұнатпайтынымды, жігітімнің барын айтып, НОТА жібердім. Менің туыстарым НАТО елдеріне арқа сүйеген Украйна сияқты, БТҰ–ға қол созды. БТҰ–Біріккен туыстар ұйымы.   Сол екен, ол маған өткен жылдың 24 ақпанында махаббат шабуылын бастады. Әкеі   «Жей  береміз!» корпорациясының президенті ғой,  сол жылы әкемнің «Қырғын пайда» (Украйнаның Қырымы сияқты) шаруа қожалығын аннекциялап алған болатын. Біздің туыстарды өсек, бопсалау, қорқыту, рейдерлік сияқты   артиллериясымен, түкіріктен жылдам «Канжар»   зымырандарымен атқылады. Бейбіт туыстарымның біразын ұрып–соғып, балаларын жылатты. Не оған сот жоқ, не оған Алладан келер от жоқ. Ресей  соғысының жалдамалы «Вагнер» басшысы Пригожин сияқты Пернебай  деген зекті жалдап,  Украйна Бахмуты сияқты «Береке» базарыымызға дрондармен  шабуылдады. Өртеп кетеді, қиратып кетеді. Арасында келіп, мені құшақтайды да, қашып кетеді. Әкемнің шағын бизнесі бар, бірнеше сиырларымызды тұтқындап, алып кетті. БТҰ–біріккен туыстар ұйымы бізге «Ғ–16» ұшақтарын, «Abrams», «Leopard»  танктерін, «Хаймарс» зымырандарын беріп жатыр. Өткенде, 10 сиырымызға олардың он қойын, яғни тұтқындар алмастық. Кеше  жалдамалы Пернебай Жырбақай мен Ырбақайға қарсы шығып, олардың  екі фазендасын басып алды. «Офисіңді тартып аламын! Сендер Халықты сорғыш жемқорсыңдар! Биліктегі клансыңдар, ала–шұбар жылансыңдар!» –деп мәлімдеме жасап еді,  Жырбақай бұтына жіберіп қойыпты. Қазір памперс киіп жүр екен.  Біз өз шаруа қожалықтарымызды қалайда қайтарамыз! Біз қарсы шабуылға шықтық! Олар Қошқарата өзенінің оң жағалауына бекініп алып, қорғаныста жатыр. Олар біздің үй ауласындағы бөшке  толы су қоймасын жарып жіберді. Душқа шомыла алмасқ та, қарсы шабуылдамыз! Біз жеңеміз, жаса, бейбітшілік, жаса, тыныштық!



Бөлісу: