Мыжбанның да адам баласы екенiн ұмытпайық. Оның да жүрегi бар. «Дүкi –дүкi» деп соғады. Сол Мыжекең қолына бiр шоқ гүлiн алып, қыздар жатақханасының алдына келдi. Жерден майда тас алып, екiншi қабаттағы терезенi ұрды. Бiр қыз терезеден тәлтіректеп, түсіп кетердей, басын шығарды. – Кешiрiңiз, Гуляны, қазақша аты–Гүлмираны шақырып жiберiңiзшi, – деп сұрады ол.–Қандай Гуля? «Донерге» тоймайтыны ма, «Бір қытайға тисем»,–деп ойлайтыны ма? Түнгі клубта жүретіні ме, жігіттерді «как перчатка» ауыстырып, тырқцылдап күлетіні ме? Қыздармен төбелесіп, тебетіні ме, темекі шегетіңні ме? Күйеуге тиiп кеткенi ме, тимегенi ме, тиейiн деп жатқаны ма?–Маған көйлегiнiң қысқа жеңi бар, бетiнде бүргедей меңi бар, тырқылдап күле беретiн Гуля керек. Телефон соқсам, «абонент вне зона» деген жауап аламын.– Шашы қандай?– Оң жағы сарыға, сол жағы көкке, кекілі қызылға, артқы жағы жасылға боялған.– Басы қандай?– Төрт бұрышты.– Қумашы. Көзi қандай?– Екі нүкте.– Өзi қандай?–Кекірейген соттай,– Сөзi қандай?– Бықсып жанған оттай.–Ерiнi қандай?– Жалғыз сызық. Мiнезi қандай? – Жүдә, қызық.– Табаны қандай?– Туу, қойыңызшы, қарындас, шақырып жiберiңiзшi?–Сiзге кiм керек?– Гуля дедімғой, Гуля.– Қай Гуля? Кальян соратыны, миилионердің құшағында қонатыны?–Қарындас мен ерiгiп келiп тұрған жоқпын.–Бiздiң жатақханада жетпіс Гуля бар. Мыжбан темекiсiн тұтатты. – Қарындас, мен бүгiн Гулямен кездеспесем, асылып өлемiн! – дедi ол.–Ағай деймiн, шынымды айтайын ба? Менiң де атым Гуля ғой. Бiрақ маған ешкiм келмейдi. Сосын, iшiм пысып, сiзге көзiмдi қысып, мен... мен қазiр жүгiрiп, шығамын, қашып кетпеңіз! –деген қыз жоқ болды. Оның бұл сөзiн естiген Мыжбан зытып кеп бердi. Артынша, Гуля да, жүгiрiп шықты.– Ағай дейiм, ағай тоқтаңызшы! Бiрдеңе айтам. Мыжбан жүгiре жөнелген бойы:– Тоқтамаймын! – дедi.–Ағай деймiн, бiрдеңе айтамын.– Айтпай-ақ, қойыңыз! Қыз кiлт тоқтап қалды.– Ой, сүмелек! – дедi сосын ернiн шығарып, - мең бiр жабысып қалатындай қашқаны несi? Мен...мен әшейiн бiр штук темекi сұрайын деп шығып едiм. Пішту!