Күйдірді ғой, нақақтан,
Жазба келді,
Ватцаптан:
–Маған үйленетін болсаң,
Айтқанымды
Үйренетін болсаң,
Менен қайда қашасың?
Қамыр жайып,
Етіңді–петіңді асасың,
Айтқанымды істейтін,
Супер күйеу жасасын!
«Мусорды» да, төгесің,
Төкпей көрші?
Ертеңіне өлесің,
Көресіні көресің,
Түйедей боп, шөгесің,
Қысқасы, маған,
Көңіліңді бөлесің,
Бөлмей көрші,
Арғы күні, өлесің!
Сигареттен шегемін,
Түн жарымда келемін,
Дайын болсын, тамағым,
Саған ғана сенемін,
Еркелетсең, еңбектеп,
Көңілімді беремін.
Басымнан сөз асырма,
Ұйқымды менің қашырма,
Миллион, миллион табасың,
Солай болсын, мақұл ма?
Достарыңды шақырма,
Есек құсап, ақырма,
«Қық, қық!» деп қақырма,
Үйіңді тонап кетемін,
Отырғызам, тақырға,
Біреу ғана туамын,
Осы жетер, мақұл ма?
Шашымды кейде тарайсың,
Балаңа да қарайсың,
Жағалаймын, кафені,
Сонда ғана жарайсың!
Әй, жазсаңшы, бірдеңе,
Беко, Беко, қалайсың?
–Жүрген едім, қызды ойлап,
Отыздамын, сүр бойдақ...
Жүре берем одан да,
Қыз–қырқынмен той–тойлап...
Шешем отыр әнекей,
«Үйлен!» дейді, ойбайлап...
«Өлем!» десем, бір күні,
Достарым жүр, қой–қойлап,
Ал, мен әлі сүрбойдақ,
Ал мен әлі, сүрбойдақ!