Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ӘЙЕЛІМ АЙ-ШАЙ ЖОҚ...

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ӘЙЕЛІМ АЙ-ШАЙ ЖОҚ...
жеке
блог

«Тик-токтың» түбіне түсіп отырғанмын, әйелім ай–шай жоқ, желпініп, жетіп келді де:

–Мыжбан, мені ұр! –деді.

–Кеше ұрдым ғой? –дедім мен.

–Тағы ұр!

  Жынды ма? «Бір себеп керек шығар?» деп ойладым ішімнен. Себепсіз де, жыныма жақпаса, көздерін көгертіп, шашын жалбыратып, өзін қалтыратып, ернін жырып, салбыратып, төпей беретінмін.

–Не үшін? –деп сұрадым мен.

–«Қазақ әдебиеті» газетіне жазылдым.

–Сені жын ұрған шығар? Одан да, казиноға ақша бермедің бе, маған? Ой, әкең...–деп, жыным кеп, қуалап жүріп сабадым. Ұрған сайын рахаттанады. Ұрған сайын, аузына көк ит кіріп, қара–ала ит шығады. Тілі төрт метр! Еш тартпайды ғой?

 Ертеңіне тағы жаныма жетіп келді.

–Ұр! –дейді.

–Не үшін?

–Кеше денемнің қышуы қанбай қалды, мұрнымнан қан тамбай қалды. «Қазақ әдебиеті» газетін, кітаптар оқы!

–Ой сен...О, әкең.. –деп құлаштап тұрып, ұрып жібердім. Газет оқығышын! Әй–шай жоқ, ұра бердім. Әйелім талып қалды, енем араласып, жанын алып қалды. Қатирам «тағы ұршы?» деп, жағымнан салып қалды.. «О, әкең...»

–Әй, неге сонша қызығып қалдың, сабауыма? –деп сұрадым мен.

–Сен де қызықсың, газет оқымайсың! –деді ол көңілденіп, – 15 шілдеде отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшіне енеді. Сол кезден бастап, әйеліне қол көтергендер 295 мың айыппұл арқалайды, енді әйелдер сол заңды қалқалайды! Ауыр зардап келтіргендер 3-8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады, қысқасы, арыз бермесе де, есірген еркектердің қолдары қайырылады! Сондықтан, ұрып ал, кейін кеш болады!

О-о, бұл қандай заң? Әйелім болса, өзінше паң, ал менің көңілім шаң...